Вторник, 14 января, 2025
ЖаңалықтарҚазақстанҚазақстанда жаңажылдық корпоратив өткізуге рұқсат бар ма – министр жауабы

Қазақстанда жаңажылдық корпоратив өткізуге рұқсат бар ма – министр жауабы

Сондай-ақ, оқыңыз...

Елімізде жаңа жыл қарсаңында мерекелік кеш-сауық өткізуге рұқсат бар ма? Үкімет үйінде тілшілердің бұл сұрағына ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алдымен әр өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты талап енгізіледі, яғни қоғамдық және тамақтану орындары мен концерт залдарға қанша адамның кіруге болатындығы туралы. Оны сол өңірдің мемлекеттік бас санитар дәрігері анықтайды. Рұқсат берілген жағдайда көпшілік баратын қоғамдық орынның неше адамға арналғаны ескерілуі тиіс. Сонымен қатар өңірдің қай аймақта орналасып тұрағаны да маңызды. Коронавирустың тарауы бойынша «жасыл», «сары» немесе «қызыл» аймақ бар», — деді А. Цой жауап бере тұра.

Сондай-ақ, министр әр облыстың мемлекеттік бас санитар дәрігері сол өңірдегі эпиджағдайға байланысты жеке шешім қабылдай алатынын жеткізді. Бұған дейін министр елімізде Pfіzer вакцинасын алып жатқан жүкті әйелдер, емізулі аналар мен жасөспірімдердің жағдайы туралы айтып берген еді.

Дереккөз. ҚазАқпарат

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...