23 қаңтарда Руслан Мұқанбаев автокөлікті заңдастыруға өтінім беру үшін облыс орталығындағы мамандандырылған ХҚКО-ға келді. Автокөлік иесінің айтуынша, ол 2019 жылы Армениядан «Toyota Sienna» маркалы автокөлікті сатып алған.
«Менің үлкен отбасым, үш балам бар. Көлікті отбасыма сатып алдым. Көкшетау қаласының тумасы болғандықтан, ата-анама демалысқа келіп, құжаттарды осында тапсыруға шешім қабылдадым. Өтінім берілген сәттен бастап мақұлдауға дейін жарты сағаттан астам уақыт өтті. Криминалистердің тексеруі тез өтті. Заңдастырудың сәтті өткені мені қуантты. Ел басшылығына қарапайым халыққа өз көліктерін заңдастыруға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамын. Ақмола облысы полиция департаментінің қызметкерлеріне, сондай-ақ маған кеңес беріп, рәсімдеу барысында туындаған барлық сұрақтарға жауап берген мамандандырылған ХҚКО қызметкерлеріне алғыс айтқым келеді. «Сары» нөмірді отандық нөмірге ауыстыру мүмкіндігіне ие болғаныма өте қуаныштымын»,-деп бөлісті 38 жастағы Руслан Мұқанбаев.