Суббота, 15 марта, 2025
ЖаңалықтарЭкономикаҚазақстаннан Түркияға 600 контейнер жасымық экпорталады

Қазақстаннан Түркияға 600 контейнер жасымық экпорталады

Сондай-ақ, оқыңыз...

Қазақстаннан Түркияға 600 контейнер жасымық экпорталмақшы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысындағы Азат станциясынан жөнелтілетін жасымық Түркияның Мерсин станциясына жеткізіледі. Ауыл шаруашылығы дақылын діттеген жеріне жеткізуді «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясының «KTZ Express» акционерлік қоғамы жүзеге асыруды қолға алып отыр. Осы мақсатта «KTZ Express» акционерлік қоғамы мен түркияның «Teryak group» компаниясымен 15 мың тонна өнімді жөнелту туралы келісімшарт жасалған.

«Бүгінгі таңда «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясының «KTZ Express» акционерлік қоғамы әлемінің көптеген елдеріне жүк тасымалдаумен айналысады. Оның ішінде отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін эскпорттау дұрыс жолға қойылған. Осы ретте, «KTZ Express» акционерлік қоғамы жүктердің діттеген жеріне кедергісіз жеткізілуін қамтамасыз етеді. Осы мақсатта «KTZ Express» акционерлік қоғамы Түркияның «Teryak group» холдингімен 15 мың тонна жасымықты жөнелту туралы келісімшарт жасасты. Яғни, 600 контейнерді тасымалдауға кепілдік береді», — деді «KTZ Express» АҚ бас директоры Нұрлан Игембаев.

Қазіргі кезде жасымықтың алғашқы партиясы Азат станциясында арнай контейнерлерге тиелуде. «Азат» ЖШС басшылығының айтуынша, жүк айтылған мерзімінде тиеліп, яғни алдағы дүйсенбі күніне дейін тиеліп, жөнелтілетін болады.

«Біздің кәсіпорында алғаш рет биылғы жылдың жасымығын экспорттау қолға алынып отыр. Вагонмен емес, арнайы контейнерлер арқылы. Бұл бізге өнімді төкпей шашпай жеткізуге мүмкіндік береді. Қазір кезде 2 мың тонна жасымықты вагондарға тиеп, жедел жөнелту бойынша тұрақты бақылау шаралары жүргізілуде. Жұмыс кестеге сай жүрізілуде», — деді кәсіпорын басшысы Қанат Төлебаев.

Айта кетейік, «KTZ Express» акционерлік қоғамы келісім шарт бойынша жыл соңына дейін 10 мың тонна жасымықты экспортқа тасымалдауды жоспарлап отыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

ҚР МҚІА департаменті 1,5 миллиард теңгеге шаруа қожалығының құқығын қорғады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті бұрын ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ауданы 2000 гектар жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартудан бас...

ҚР МҚІА Департаментінің ұсынысы негізінде қызмет көрсетудің қолжетімділігі артты

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру нысанында талдау жүргізеді. Департамент Агенттікке «Жаппай саяси...

«Даладай дархан, дарабоз Сәбең» жылжымалы көрмесі

Биылғы жылы қазақ әдебиетінің классик жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстан ғылым академиясының академигі, М.Ғабдуллиннің жанашыр ағасы Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толып отыр. Мәлік Ғабдуллиннің Сәбит...

ҮЗДІК қоғамдық қабылдау бөлмелері анықталды!

Байқау қорытындысы бойынша Аршалы, Степногорск және Атбасар аумақтық партия филиалдары жеңімпаз атанды. «Үздік қоғамдық қабылдау» байқауы  партияның қоғамдық қабылдау жүйесін жетілдіру және халықпен жұмысты нығайту...

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық науқанына қатысты

Ақмола облысының мемлекеттік қызметшілері еріктілер қозғалысы шеңберінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті ұйымдастырған «Игі істер марафонына» қатысып, мұқтаж жандарға...