Пятница, 14 февраля, 2025
ЖаңалықтарЭкономика«Азаматтық борышым». Қазақстандық кәсіпкер зардап шеккен бизнеске 500 млн теңге аударады

«Азаматтық борышым». Қазақстандық кәсіпкер зардап шеккен бизнеске 500 млн теңге аударады

Сондай-ақ, оқыңыз...

Қазақстандық меценат, «ҚазАзот» АҚ басшысы Бахаридин Аблазимов бүлік кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдап, 500 млн теңге көмек көрсетеді. Қаржы кәсіпкерлік субъектілерін қалпына келтіру үшін құрылған «Күшіміз бірлікте» қорына аударылады. Бұл – қорға түсетін алғашқы қомақты қаржы.

Бахаридин Аблазимов қайғылы оқиға кезінде қайтыс болған әскерилер мен отандастарымыздың отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

«Дүрбелеңнің салдарынан еліміздің азаматтарын жоғалттық. Солардың отбасына шын жүректен көңіл айтамын. Ата-бабамыз жырлағандай, «біріншіден не жаман, іштен шыққан жау жаман» деген. Ауызбен айтса, аузың былғанатын қасіретті, үлкен ауыр күнә. Мемлекетіміздің басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы қабылдаған шараларын халқымыз болып бәріміз қолдап, соның арқасында бірте-бірте бейбітшілік, тұрақтылық орнап келеді», – деді ол.

Кәсіпкер өзінің анасы жас кезінде жалғыз қалып, 10 баланы қиындықпен өсіргенін атап өтті. Ол ОҚО (қазіргі Түркістан облысы – авт.) Жетісай ауданы Красная звезда совхозында дүниеге келіп, өзі 13 жасында әкесі дүниеден өткенін айтты.

«Анамыз он баламен жалғыз өзі қалып, Жетісай қаласының нан зауытында күндіз еденін жуып, кешке қарауыл болып, бәрімізге білім беріп, тәрбие беріп, өсірді. Анамыз бізді жастайымыздан бауырламырымызбен бірге болыңдар, бірлік бар жерде ынтымақ бар, ырыс бар деп қазақ айтқандай, соның арқасында Аллаға шүкір, осындай дәрежеге жеттім», – деді ол.

Бахаридин Аблазимов «Күшіміз бірлікте» қорына ұжымының атынан 500 млн теңге аударып, зардап шеккен кәсіпкерлерге қолдау білдіретінін жеткізді.

«Алматыда қираған, өртенген шағын кәсіпкерлердің асханалары, магазиндері, шаштараздары. Қанша заттар қирады, бүкіл Қазақстанда қирап жатыр. Соған енді қор ашылды деп естуіммен өзімнің азаматтық борышым деп санап, өзімнің атымнан, өзімнің ұмымымның атынан 500 млн теңге қаржылай көмегімді білдіргім келіп отыр», – деді ол.

Сондай-ақ, ол еліміздің ірі кәсіпкерлерін шағын және орта бизнестегі азаматтарымызды қолдауға және ел болып бірігіп, қазақ халқын жақсы жағынан көрсетуге шақырды.

«Біздің елімізде жүрегі кең азаматтар, кәсіпкерлер көп. Солардың бәрін бірлесіп, елімізді бейбіт өмірге келуіне тек Мемлекет басшысына, мемлекетке ілмей біз де ел болып бірігіп, елді қалпына келтіруге шақырамын. Ауқатты азаматтарға біздің бастамамызды, осы «Атамекеннің» бастамасына үлесін қосады деп сенім арттым. Бүкіл әлемге қазақ халқын басқа жағынан, жақсы жағынан көрсетуге үндеуге шақырамын. Бірігейік, ел болайық, бір тудың астына жиналайық. Біздің күшіміз бірлікте», – деп түйіндеді сөзін Бахаридин Аблазимов.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы Максим Барышев «Күшіміз бірлікте» – «Сила в единстве» қорын құратынын мәлімдеген болатын. Қорға түскен қаражат Алматы қаласы және басқа да аймақта зардап шеккен кәсіпкерлерге арнайы комиссияның шешімінен кейін бөлінеді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшінің әдебі оның кәсібилігінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады

Қазіргі мемлекеттік билік институттарына деген сенім деңгейі мәселесінің өзектілігі барған сайын артып келе жатқан қоғам жағдайында мемлекеттік қызметшілердің әдебі бүкіл мемлекеттік қызметтің тиімді және...

Ақмола кәсіпкерлері қаржы вице-министрімен кездесуде салық реформаларын талқылады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірлердегі бизнес-қауымдастықтармен үкіметтің бастамаларын талқылайтын алты жұмыс тобы іске кірісті. Солардың бірін басқарған ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Ақмола кәсіпкерлерімен...

Облыстың мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссиясының қызметі қорытындыланды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының төрағалары үшін семинар ұйымдастырып, онда 2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың тәртіптік...

Азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органнан босатылғаннан кейін жұмыс берушіден қызметкерге тиесілі есеппен және төленген сомамен...

Адам құқықтары-ең жоғары құндылық

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі Джанбекова Гүлнәр Хамитқызымен сұхбат. - Гүлнар Хамитқызы Қазақстанда азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша қандай шаралар қабылданып...