spot_img
spot_img
14.2 C
Kokshetau
ЖаңалықтарЖемқорлықАзаматтық қорғау органдарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама түсіндірілді

Азаматтық қорғау органдарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама түсіндірілді

-Жарнама -spot_img

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Төтенше жағдайлар департаментінің, сондай-ақ оның аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің қызметкерлерімен кеңес өткізді.

Кездесу барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің Превенция басқармасының басшысы Жанайдар Рамазанов қатысушыларға 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының маңызды бағыттары туралы, атап айтқанда, лауазымды тұлғалардың парасаттылығына тексеруді енгізу тетігіне («Іntegrity check»), негізсіз баю үшін жауапкершілікті енгізуге, сондай-ақ «follow the money» қағидаты бойынша міндетті қаржылық тергеуге қатысты айтты.

Сондай-ақ, спикер облыстық Аntikor анықтаған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы ақпаратпен бөлісіп, мұндай тәжірибе сыбайлас жемқорлық көріністерінің уақтылы алдын алуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сыбайлас жемқорлық фактілері хабарлағаны үшін адамдарды көтермелеудің сараланған жүйесін түсіндіруге және 1424 Call-орталығының жұмысына ерекше назар аударылды.

«Өрт сөндіруші-құтқарушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мәселесі де маңызды, өйткені төтенше жағдайға тап болған адамның өмірі құтқарушының кәсібилігі мен моральдық-адамгершілік қасиеттеріне байланысты. Осы тұрғыда, әрбір адамды қызметтік борышын жауапкершілікпен және адал орындауға шақырамын», – деді Жанайдар Рамазанов.

ҚР ТЖМ кадр саясаты департаменті жеке құрам бойынша инспекция басқармасының бастығы Серік Дүйсембеков кездесуге қатысушыларды азаматтық қорғау органдарындағы қызметтік-әскери тәртіп пен сыбайлас жемқорлықтың жай-күйі туралы хабардар етті.

Кездесу соңында ТЖД жеке құрамына сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы бейнероликтер көрсетілді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img