spot_img
- Жарнама -spot_img
18.4 C
Kokshetau
ЖаңалықтарӘлемҚазандағы мектепте болған атыстан 11 адам қаза тапты

Қазандағы мектепте болған атыстан 11 адам қаза тапты

-Жарнама -spot_img

Қазан қаласындағы мектепте болған атыс кезінде 11 адам қаза тапты, тағы 10 адам зардап шекті. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«11 адам қаза тапқан, олардың арасында балалар мен мұғалімдер бар. 10 адам зардап шекті, соның ішінде төртеуі ауруханаға жеткізілді», – деді дереккөз.

Бұл ретте республикалық апаттар медицинасы орталығынан атыстан кейін ауруханаларға 12 бала мен бір ересек адамның жеткізілгенін хабарлады. ТАСС агенттігінің құқық қорғау органдарындағы дереккөзі сейсенбі күні Қазандағы № 175 мектепте белгісіз екі адамның оқ жаудыра бастағанын хабарлады. Олардың бірі ұсталды. Қазіргі мәліметке қарағанда, бұл 17 жастағы жасөспірім. Екінші күдікті әлі ғимаратта жүр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img