Көп жылдар бойы Ақмола облысы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/4 мекемесінің қызметкерлері аудандық «Простор» газетінің редакциясымен тығыз байланыста жұмыс істеп келеді. Осы жылдар ішінде мекеме мен редакция ұжымы бірнеше рет өзгерді, ал жылдар бойы достыққа айналған өзара қарым-қатынас осы күнге дейін жақсы, тіпті одан бетер күшейе түсті. Бүгін де, дәстүрді өзгертпей, колония қызметкерлері қалам мен сөз шеберлерін кәсіби мерекемен БАҚ қызметкерлері күнімен құттықтауға келді.
Аудандық «Атбасар Простор» газеті 1930 жылдың қыркүйек айынан бастап апта сайын шығады. Биылғы жылы басылымға 91 жыл толады, «районка» — әлеуметтік-саяси бағыт болып табылады, онда өңірдің барлық маңызды оқиғалары мен іс-шаралары қамтылған. «Простор» журналистері мен редакторларлары мекеменің ақпараттық жұмысына жақсы қолдау көрсетеді. Олар мекеменің жиі келетін қалаулы қонақтарының бірі.
Мереке қарсаңында ЕЦ-166/4 қызметкерлері аудандық «Атбасар Простор» газетінің «Атбасар-Информ» ЖШС шығармашылық ұжымын салтанатты түрде құттықтады.
Колония бастығының орынбасары Жеңіс Ибраев биліктің төртінші тармағының өкілдерін журналистика саласындағы кәсіби мәселелерде белсенді өзара әрекеттестігі үшін, ҚАЖ мекемелерінің қызметі туралы материалдарды дайындау мен бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауда сенім мен көмек көрсеткенідері үшін алғыс айтты.
«Шын жүректен бейбітшілік, жақсылық, мықты денсаулық, шығармашылық табыс, өркендеу мен игілік тілеймін», — деп, сөзін аяқтады Ибраев.
Атбасар «Простор» басшысы Нұржан Рахимов өз кезегінде қазіргі заманғы технологиялар мен коммуникация құралдары дәуірінде баспасөз барлық қажетті және өзекті ақпаратты ұсынатынын атап өтті. Қазіргі қоғамда БАҚ көптеген факторларға айтарлықтай әсер етеді. Сауатты журналист әрқашан құрметке лайық».