Сенбі, Шілде 27, 2024
15.2 C
Kokshetau
14 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
ЖаңалықтарҚазақстанБайқоңыр ғарыш айлағынан ресейлік «Арктика М» спутнигі ұшырылды

Байқоңыр ғарыш айлағынан ресейлік «Арктика М» спутнигі ұшырылды

28 ақпан күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 12:55-те Байқоңыр ғарыш айлағының №31 алаңынан «Фрегат» үдемелі блогы бар Союз-2. 1б» зымыран-тасығышы ұшырылды. Бұл аппараттар ресейлік «Артктика-М» гидрометеорологиялық спутнигін орбитаға шығарады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұған дейін хабарланғандай, Байқоңыр ғарыш айлағынан тікелей көрсетілімді ведомствоның сайты мен әлеуметтік желілерде Роскосмос телестудиясы жүргізді.

Ұшыру штаттық режимде өтті. Тікелей репортаж жүргізушілерінің мәліметінше, «Союз 2.1б» зымыран-тасығышының барлық үш сатынысың жоспарлы түрде бөлінуі жүргізілді. Старттың 10-ыншы минутында «Фрегат» үдемелі блогы бар «Арктика-М» ғарыш аппараты тірек орбитаға шығарылды. Берілген орбитаға одан әрі шығару үдемелі блоктың қосылуы есебінен жүргізіледі. Бұл ұшырудан кейін шамамен 3,5 сағат өткен соң болады.

Тікелей эфир қатысушылары – өндіруші өкілдері – Лавочкин атындағы ғылыми-өндірістік бірлестігінің өкілдері, Роскосмостың басқа мамандары ғарыш аппаратының ерекшеліктері туралы баяндап берді.

Жаңа метеорологиялық ғарыш аппаратының ерекшелігі оның жоғары эллептикалық орбитада жұмыс істеуі арқылы геостационарлық спутниктермен салыстырғанда ұшу динамикасын, қозғалыс жылдамдығын қамтамасыз етуінде. «Арктика-М» Ресей еліндегі 3,5 мың метеостанса және жетуге жолы қиын аудандарда орналасқан тура сондай гидропостты жедел, ауа райын талғамайтын ақпаратмен қамтамасыз етеді. «Бұл шетелдік метеорологиялық дереккөздерге тәуелді болмауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті ресейлік мамандар.

Дереккөз: ҚазАқпарат

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...