Суббота, 15 марта, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерБурабайБай тарихы мен мәдениеті бар аймақ

Бай тарихы мен мәдениеті бар аймақ

Сондай-ақ, оқыңыз...

«Nur Otan» партиясының атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Дамир Шоқанұлы Сұрағанов Атамекен ауылдық округінің ғимаратында жергілікті тұрғындармен кездесіп, сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Сеніммен батыл қадамдарға барып, нақты істі халыққа керекті жобаны жүйелі түрде жүзеге асырып жатқан «Nur Otan» партиясының еліміз бойынша атқарып жатқан жұмыстары жеткілікті. Өзім педагог маман болғандықтан, ауданымыздың әрбір білімге құштар оқушысының сапалы білім алып, заманына сай тұлға болып қалыптасуы — бәріміздің яғни аға буынның басты парызы.

Бурабай төңірегі аңыз бен ақиқатқа толы екендігін барлығымыз да жақсы білеміз. Еліміздің көшбасшысы — Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қыруар жұмыс атқарылды. Тәуелсіздік алғалы құдайға шүкір, экономикалық тұрғыдан табандылық танытып, жеткен жетістігіміз, алған асуымыз, шыққан биігіміз жетерлік. Оның барлығын санап, тізбектеп, тізе бермейік, елге, халыққа, жалпыға жақсы мәлім.

Атамекен ауылы ұлт пен ұлыстың басы қосылған, дастархандас, дәмдес, тұздас болып, айрандай ұйыған ел. Бұл ауылдан да талай мықтылар қанат қағып, білім алып, жоғары қызметте түрлі салада мамандығы бойынша ел игілігі үшін жұмыс атқарып жүр. Біздің аудан туризмдік орталық болғандықтан партияның басты бағыты «Ауданымызға инвестицияларды тиімді салу, мемлекеттік қолдау шараларын барынша нәтижелі қылу, заманауи технологияларды енгізу, өнімділігі жоғары техникамен жабдықтап жарақтандыру, өндірістің жаңа түрлері арқылы даму». Бұл біздің нақты қадамға барып, батыл шешім шығара білетін «Nur Otan» партиясының назарында екендігін айтқым келеді,-деді өз сөзінде Дамир Шоқанұлы.

Жиын барысында депутаттықтан үміткерге сұрақтар қойылып, тұщымды, мағыналы жауаптар қайтарылды.

Елдің бір қалыпты дамуына себепкер болып, қиындықтардан алып шығуына ат салысып келе жатқан «Nur Otan» партиясына сенім білдіретіндіктерін айтып, жиналғандар алдағы сайлауда белсенділік танытамыз деп сендірді.

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Дамир Шоқанұлы бай тарихы мен мәдениеті бар аймақ болып табылатын ауданымыз бұдан әрі жетістіктерге жетіп, Елбасының партиясымен бірге мәңгілік елге айналатындығын айтып, жиналғандарды «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Бурабай ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

ҚР МҚІА департаменті 1,5 миллиард теңгеге шаруа қожалығының құқығын қорғады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті бұрын ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ауданы 2000 гектар жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартудан бас...

ҚР МҚІА Департаментінің ұсынысы негізінде қызмет көрсетудің қолжетімділігі артты

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру нысанында талдау жүргізеді. Департамент Агенттікке «Жаппай саяси...

«Даладай дархан, дарабоз Сәбең» жылжымалы көрмесі

Биылғы жылы қазақ әдебиетінің классик жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстан ғылым академиясының академигі, М.Ғабдуллиннің жанашыр ағасы Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толып отыр. Мәлік Ғабдуллиннің Сәбит...

ҮЗДІК қоғамдық қабылдау бөлмелері анықталды!

Байқау қорытындысы бойынша Аршалы, Степногорск және Атбасар аумақтық партия филиалдары жеңімпаз атанды. «Үздік қоғамдық қабылдау» байқауы  партияның қоғамдық қабылдау жүйесін жетілдіру және халықпен жұмысты нығайту...

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық науқанына қатысты

Ақмола облысының мемлекеттік қызметшілері еріктілер қозғалысы шеңберінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті ұйымдастырған «Игі істер марафонына» қатысып, мұқтаж жандарға...