Четверг, 13 февраля, 2025
ЖаңалықтарҚазақстанБанкроттық рәсімдеген азаматтар неше жыл несие ала алмайды

Банкроттық рәсімдеген азаматтар неше жыл несие ала алмайды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Жеке тұлғалардың банкроттығын реттейтін заң жобасын таныстырған Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов банкроттық рәсімдеген азаматтар неше жыл несие ала алмайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Төлем қабілетін қалпына келтіру деп аталатын жеке тұлға банкроттығының үшінші жолы борышкерге сот арқылы қарызды төлеу бойынша шегерімдер беруді көздейді. Ол үшін төлем қабілетін қалпына келтіру жоспарын әзірлеу керек. Бұл жоспар қаржылық басқарушының атсалысуы арқылы әзірленеді. Жоспарға кредидор мен борышкердің екеуі де келісім беруі қажет. Борышкердің мүлкін сату сияқты шаралардың бәрі тек осы жоспарға енген жағдайда ғана іске асады. Жоспарға кірмеген шаралардың бәрі қарызды қайтару үшін қолданылмайды», — деді комитет өкілі.

Оның сөзінше, Қазақстанда 1 миллионнан астам адамның мойнында проблемалық борыш бар. Бірақ оның бәрі жеке тұлғаның банкроттығыны рәсімдейді деген сөз емес. Өйткені банкроттық рәсімдеудің де салдары бар.

«Банкроттық рәсімдеген борышкер 5 жыл көлемінде банктер мен микрокредиттік ұйымдардан қарыз ала алмайды. Шетелге шығуға 3 жыл бойы тыйым салынады. Бұл тыйымға шетелде емделу, білім алу, туысқанын жерлеу рәсіміне қатысу және жұмысқа орналасу себептері кірмейді. Бұл себептер болған жағдайда тиісті құжаттарды көрсету керек болады. Екінші рет банкроттық рәсімдеу үшін алдыңғы банкроттықтан кейін 7 жыл уақыт өтуі керек. Заң жобасында осындай негізгі базалық қағидаттар енгізілген», — деді Қайрат Миятов.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола кәсіпкерлері қаржы вице-министрімен кездесуде салық реформаларын талқылады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірлердегі бизнес-қауымдастықтармен үкіметтің бастамаларын талқылайтын алты жұмыс тобы іске кірісті. Солардың бірін басқарған ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Ақмола кәсіпкерлерімен...

Облыстың мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссиясының қызметі қорытындыланды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының төрағалары үшін семинар ұйымдастырып, онда 2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың тәртіптік...

Азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органнан босатылғаннан кейін жұмыс берушіден қызметкерге тиесілі есеппен және төленген сомамен...

Адам құқықтары-ең жоғары құндылық

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі Джанбекова Гүлнәр Хамитқызымен сұхбат. - Гүлнар Хамитқызы Қазақстанда азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша қандай шаралар қабылданып...

Қазақстандағы әйелдердің құқықтарын қорғау және олардың мүмкіндіктерін кеңейту

Соңғы жылдары біздің еліміз бірқатар маңызды бастамаларды жүзеге асыру арқылы адам құқықтары саласында белгілі бір жетістіктерге жетті. Қазақстан әйелдердің құқықтарын қорғауға және олардың мүмкіндіктерін кеңейтуге...