7 қарашада Степногорск қаласының полиция басқармасына 37 жастағы жергілікті тұрғынның ағымдағы жылдың 1 қарашасында сағат 04:00 шамасында үйдің ауласында белгісіз адамдар «Redmi Note» маркалы ұялы телефонын, күміс алқаны, сағат пен пәтердің кілттерін ашық түрде ұрлап кеткені туралы өтініші келіп түсті.
Өтініш беруші сол түні қонақтан үйіне келе жатқан. Үйдің ауласында бейтаныс жастар одан темекі сұрап, кейін ер адамды ұрып-соғып, оның жеке заттарын тартып алып, қашып кеткен. Жәбірленуші шығын сомасын 150 мың теңгеге бағалады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілердің жеке басы анықталды. Қаскүнемдер бұрын сотталған 31 жастағы жергілікті тұрғындар болып шықты.
Осы факті бойынша Степногорск қаласы полиция басқармасының қызметкерлері ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлігімен «тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Тергеу жалғасуда