Четверг, 21 ноября, 2024
ЖаңалықтарӨңірлерШортандыБектау ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өтті

Бектау ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өтті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Шортанды аудандық сайлауалды штабында онлайн режимінде мәслихат депутаттығына кандидаттардың Бектау ауылдық округі және Пригородное ауылының тұрғындарымен үгіт-насихат кездесуі өтті. Оған кәсіпкер Ирина Жукова, өзін-өзі жұмыспен қамтыған Гүлнұр Сәдуақасова, «Шортанды СУ» ШЖҚ МКК басшысы Әсет Мұқанов, «Жылжымайтын мүлік орталығының» Шортанды бөлімшесінің директоры Ермек Байсеркеев, Шортанды ауданының «Айям-7» ЖШС директоры Алмаз Есенгелдіұлы Мұхамедияев қатысты.

Кездесу барысында кандидаттар аудандық сайлауалды штабының жұмысы туралы хабардар етті, оның құрамына аудан тұрғындары арасында беделді және құрметке ие 40 адам, сондай – ақ мәслихат депутаттығына 22 кандидат кірді. Штабтың 12 мүшесінің электоралдық науқандарды өткізу тәжірибесі бар. Сонымен қатар, штаб жанынан ауданымыздың жас ұрпақтары арасында кең және белсенді үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыруға арналған Жастар қанаты құрылды.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының міндеттері шортандылықтардың негізгі сұраулары мен ұмтылыстарын қамтып, қоғамның өзекті мәселелеріне жауаптарын қамтиды. Онда аудан дамуының жеті басым бағыттары айқындалған, олар бірінші кезекте халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын тұрақты жақсарту үшін жағдай жасауға бағытталған.

Онлайн-кездесу барысында мәслихат депутаттығына кандидаттар ауылдық елді мекендер тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.

«Nur Otan» партиясының Шортанды ауданы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...