Вторник, 14 января, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерБурабайБелсенді кандидат - белсенді сайлау науқаны

Белсенді кандидат — белсенді сайлау науқаны

Сондай-ақ, оқыңыз...

«Nur Otan» партиясының сайлауалды науқаны аясында аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың үгіт кездесулері жалғасуда. 18 желтоқсанда кандидат Әділет Казбекұлы Ахметов «Успеноюрьевка» БПҰ-мен кездесуі өтті.

Әділет — партия көзқарасымен бөлісетін, заманауи сын-тегеуріндермен қатар жүретін, болашағы зор жас кәсіпкер. «Мемлекет пен жұмыс беруші қызметкер үшін барлық қажетті жағдайларды жасауы тиіс, бұл еңбек тиімділігін және еңбек халқының әл-ауқатын арттырады» — деп атап өтті кездесу барысында Әділет Қазбекұлы.

Іс–шара қызу өттіп, кандидаттың сайлауалды бағдарламасы барлығын қызықтырды. Әлеуметтік қамсыздандыру, халықтың еңбек табысының өсуі сияқты мәселелер қатысушылардан келіп түсті.

Қатысушылар үміткерді қызығушылықпен тыңдады. Атап айтқанда, ол лайықты еңбекақы төлеумен қатар, жұмыс істейтін азаматтар үшін аса маңызды шарт болып табылатын жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы бөлімге тоқталды.

Сондай-ақ, А.К. Ахметов «АзияКотлоМаш» ЖШС Щучинск филиалының ұжымын сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

«Кәсіпкер ретінде маған жалақының төмен деңгейі, жұмыссыздық, еңбек жағдайларының стандарттарына сәйкес келмейтін проблемалар таныс, оларды жоюды өз мақсатым деп санаймын», — деді Ә.Ахметов.

Іс-шаралар «ҚР-дағы сайлау туралы» ҚР Заңына сәйкес өткізілді, барлығына одан әрі танысу үшін үгіт парақшалары таратылды. Кездесуге қатысушылар кездесу үшін алғыстарын білдірді, Әділет Ахметов барлық қатысушыларды «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. Кездесу қорытындысы бойынша тыңдаушылар үміткерге қолдау білдірді.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Бурабай ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...