spot_img
- Жарнама -spot_img
12.8 C
Kokshetau
ЖаңалықтарОқиғаҚылмысБір миллион теңгені жымқырған фармацевт істі болды

Бір миллион теңгені жымқырған фармацевт істі болды

-Жарнама -spot_img

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы мамырдың 2-де Көкшетау қалалық ПБ кезекшілік бөліміне 32 жастағы жергілікті тұрғыны арызданып, қаладағы дәріханалардың бірінде түгендеу жүргізу барысында жетіспеушілік анықталғанын айтқан. Келтірілген шығын сомасы 1 миллион 300 мың теңгені құраған. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 189 бабының 2-ші бөлігі «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция күдіктінің жеке басын анықтады.

«Ол осы дәріханада фармацевт болып жұмыс істеген 28 жастағы қала тұрғыны. Әйел бұрын сотталмаған. Ол өз кінәсін мойындады, жағдайды түсіндіріп, дәрі-дәрмектерді сату туралы кассалық аппаратты тексеруді ұмытып кеткенін айтты. Келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Тергеу амалдары жүргізілуде»,  – деді ведомстводан.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img