Суббота, 15 марта, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетау«Бірге таза Қазақстан» акциясы: 25 мың ақмолалық қоқыс тазалуға шықты

«Бірге таза Қазақстан» акциясы: 25 мың ақмолалық қоқыс тазалуға шықты

Сондай-ақ, оқыңыз...

Облыс әкімі Ермек Мыржықпаев бастаған ақмолалықтар «Бірге таза Қазақстан» республикалық акциясына атсалысты.

Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, акцияға өңірдің 25 мыңнан астам тұрғыны мен 370 техника жұмылдырылды.

Қоршаған ортаның тазалығын сақтауға және экологиялық мәдениетті тәрбиелеуге бағытталған акцияға жергілікті қоғамдық бірлестіктердің, жастар, шағын және орта бизнес, қала ұйымдары мен кәсіпорындарының өкілдері, қала тұрғындары  мен белсенділер қатысты.

Акция барысында Бұқпа шоқысы, автокөлік жолдарының бойы, қалалық саябақтар мен скверлер аумағы, сондай-ақ, қалалық қоқыс үйінділерінің, көшелердің, аудан орталықтарының, Көкшетау және Степногорск қалаларының,  Сандықтау, Бурабай, Бұланды аудандарының жақын маңдағы орман алқаптарының аумағы қоқыстан тазартылып, ағаштар мен жаға тастар ақталды. Бұдан бөлек, абаттандыру және көгалдандыру айлығы аясында облыс бойынша үш мыңға жуық ағаш көшеті отырғызылды.

Акцияға облысы басшысы Ермек Маржықпаев та қатысты. Осы ретте, акцияда облыс орталығындағы Центральный шағын ауданы 34 мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үйдің тұрғындары белсенділік танытты.

Акция кезінде екі мың тоннадан астам қоқыс шығарылды.

 

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

ҚР МҚІА департаменті 1,5 миллиард теңгеге шаруа қожалығының құқығын қорғады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті бұрын ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ауданы 2000 гектар жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартудан бас...

ҚР МҚІА Департаментінің ұсынысы негізінде қызмет көрсетудің қолжетімділігі артты

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру нысанында талдау жүргізеді. Департамент Агенттікке «Жаппай саяси...

«Даладай дархан, дарабоз Сәбең» жылжымалы көрмесі

Биылғы жылы қазақ әдебиетінің классик жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстан ғылым академиясының академигі, М.Ғабдуллиннің жанашыр ағасы Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толып отыр. Мәлік Ғабдуллиннің Сәбит...

ҮЗДІК қоғамдық қабылдау бөлмелері анықталды!

Байқау қорытындысы бойынша Аршалы, Степногорск және Атбасар аумақтық партия филиалдары жеңімпаз атанды. «Үздік қоғамдық қабылдау» байқауы  партияның қоғамдық қабылдау жүйесін жетілдіру және халықпен жұмысты нығайту...

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық науқанына қатысты

Ақмола облысының мемлекеттік қызметшілері еріктілер қозғалысы шеңберінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті ұйымдастырған «Игі істер марафонына» қатысып, мұқтаж жандарға...