Вторник, 3 декабря, 2024
ЖаңалықтарӨңірлерАршалы“Біріншімен бірге жеңіске жетейік!!!”

“Біріншімен бірге жеңіске жетейік!!!”

Сондай-ақ, оқыңыз...

Аршалы ауданы “ Nur Otan ” партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына  үміткер Қыдырбаева Т.Ұ  тікелей эфирде аудан тұрғындарымен кездесу өткізді.

       “Бүгінгі күні  азаматтар «Nur Otan» партиясынан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде.Сол бағытта 10 қаңтарда  өткізілгелі отырған мәслихат сайлауы Аршалы ауданының азаматтары үшін не береді? деген сұрақ  көпшіліктің көкейінде сұрақ күйінде жүргені жасырын емес.      Алдымен осы сұрақ төңірегінде сәл  ой тарқатып көрейік. Аудан көлемінде осы күнге дейін жасалған жұмыстарды есепке алғанда және «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын ескере отырып, алдағы уақытта  үлкен өзгерістерге толы,экономикалық жағынан тұрақты, қауіпсіз ауданға айналатынына сенімім мол.

Оған кепіл — «Nur Otan» партиясының Аршалы ауданы филиалының сайлауалды бағдарламасы. «Nur Otan» партиясы ауданды дамытудың 7 басым бағытын өзінің сайлауалды бағдарламасында айқындады. Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау. Халықтың әл-ауқатының негізін азаматтарды жұмыспен, тұрақты табыспен қамтамасыз етіледі. Осыған байланысты 2 мыңнан астам жұмыс орнын құру (жыл сайын орта есеппен 400-ге жуық орын) және орташа жалақыны 112 мың теңгеден 150 мың теңгеге дейін арттыру және жалпы жұмыссыздық деңгейін 4,6% — ға дейін төмендету бойынша міндет қойылды.

         Ауданда мал шаруашылығында, өсімдік шаруашылығында және өнімді қайта өңдеуде жаңа прогрессивті технологияларды енгізу есебінен жоғары технологиялық агроөнеркәсіп кешенін құру бойынша жұмыс жалғастырылады. Сондай-ақ, Аршалы ауданы туризм саласын дамытуда үлкен әлеуетке ие. Бүгінгі күні ауданда 4 демалыс аймағы және 3 мейрамхана-қонақ үй кешені бар. Қысқы, ойын-сауық және спорттық туризмді, сондай-ақ демалыс күнінің турларын дамыту жоспарлануда.

Жол-әр аудан өмірінің басты күретамыры. Ауданның барлық ауылдарында сапалы жолдар мен азаматтар үшін жақсы инфрақұрылым болуы тиіс.

        «Nur Otan» партиясы кентішілік және аудандық автомобиль жолдарын жөндеу мәселелерін шешетін болады. Біздің міндет – 2025 жылға қарай жергілікті жолдардың 50% — ын сапалы жөндеу. Білім сапасын жақсартудың  барлық деңгейлерінде сапалы білімге қол жеткізуді  қамтамасыз ету ауданды одан әрі дамыту үшін маңызды шарт болып табылады. Бүгінгі күні ауданда 14 мектепке дейінгі мекеме, 28 мектеп, 1 колледж, ЕЦ 166/5 жанындағы 1 кешкі мектеп жұмыс істейді. Партия алдағы бес жылға арналған өз жұмысында ұлт денсаулығын нығайтуға, халықты жаппай спортпен айналысуға тартуға бағытталатын болады.Осы сайлауға үміткер ретінде «Nur Otan» партиясының атынан қатыса отырып, ауыз жыртар құрғақ ұранды  сөз емес нақты құжат — «Nur Otan» партиясының Аршалы ауданы филиалының сайлауалды бағдарламасын негізге ала отырып, нақты қадамдар жасауымыз керек. Оның ішінде болашаққа аудан көлемінде жоспарланған іс-шаралардың бір парасына ғана тоқталдым.”деп аудан дамуына қатысты мәселелерге барынша жан-жақты түсінік беріп, сұрақтарға жауап берді. Мағыналы да мазмұнды кездесу болды.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Аршалы ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Евгений Кочетов Ақмола облысының креативті индустрия өкілдерімен кездесті

29 қараша күні Көкшетау қаласында «Көкшетау» мәдениет сарайында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Дмитриевич Кочетовтың Ақмола облысының креативті индустрия өкілдерімен кездесуі өтті. Қазақстан Республикасы...

Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту шеңберінде жер қатынастары саласындағы бірқатар «жасырын» қызметтер регламенттелді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жер қатынастары саласындағы мемлекеттік органдардың функцияларын талдау қорытындысы бойынша «жасырын» қызметтерді регламенттеу жөнінде ұсыныс енгізді. Мәселен, бұған...

Ақмола облысында «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының слеті өтті

Ағымдағы жылдың 26 қарашасында Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінің базасында «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының облыстық слеті өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің...

Алмас Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 25 қарашадағы өкімімен, сондай-ақ, ҚР Президенті Әкімшілігінің және мәслихат депутаттарының келісімімен Алмас Аянұлы Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды. Ауданның...

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...