Сенбі, Шілде 27, 2024
19.2 C
Kokshetau
23 C
Nur-Sultan
31 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерАршалы“Біріншімен бірге жеңіске жетейік!!!”

“Біріншімен бірге жеңіске жетейік!!!”

Аршалы ауданы “ Nur Otan ” партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына  үміткер Қыдырбаева Т.Ұ  тікелей эфирде аудан тұрғындарымен кездесу өткізді.

       “Бүгінгі күні  азаматтар «Nur Otan» партиясынан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде.Сол бағытта 10 қаңтарда  өткізілгелі отырған мәслихат сайлауы Аршалы ауданының азаматтары үшін не береді? деген сұрақ  көпшіліктің көкейінде сұрақ күйінде жүргені жасырын емес.      Алдымен осы сұрақ төңірегінде сәл  ой тарқатып көрейік. Аудан көлемінде осы күнге дейін жасалған жұмыстарды есепке алғанда және «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын ескере отырып, алдағы уақытта  үлкен өзгерістерге толы,экономикалық жағынан тұрақты, қауіпсіз ауданға айналатынына сенімім мол.

Оған кепіл – «Nur Otan» партиясының Аршалы ауданы филиалының сайлауалды бағдарламасы. «Nur Otan» партиясы ауданды дамытудың 7 басым бағытын өзінің сайлауалды бағдарламасында айқындады. Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау. Халықтың әл-ауқатының негізін азаматтарды жұмыспен, тұрақты табыспен қамтамасыз етіледі. Осыған байланысты 2 мыңнан астам жұмыс орнын құру (жыл сайын орта есеппен 400-ге жуық орын) және орташа жалақыны 112 мың теңгеден 150 мың теңгеге дейін арттыру және жалпы жұмыссыздық деңгейін 4,6% – ға дейін төмендету бойынша міндет қойылды.

         Ауданда мал шаруашылығында, өсімдік шаруашылығында және өнімді қайта өңдеуде жаңа прогрессивті технологияларды енгізу есебінен жоғары технологиялық агроөнеркәсіп кешенін құру бойынша жұмыс жалғастырылады. Сондай-ақ, Аршалы ауданы туризм саласын дамытуда үлкен әлеуетке ие. Бүгінгі күні ауданда 4 демалыс аймағы және 3 мейрамхана-қонақ үй кешені бар. Қысқы, ойын-сауық және спорттық туризмді, сондай-ақ демалыс күнінің турларын дамыту жоспарлануда.

Жол-әр аудан өмірінің басты күретамыры. Ауданның барлық ауылдарында сапалы жолдар мен азаматтар үшін жақсы инфрақұрылым болуы тиіс.

        «Nur Otan» партиясы кентішілік және аудандық автомобиль жолдарын жөндеу мәселелерін шешетін болады. Біздің міндет – 2025 жылға қарай жергілікті жолдардың 50% – ын сапалы жөндеу. Білім сапасын жақсартудың  барлық деңгейлерінде сапалы білімге қол жеткізуді  қамтамасыз ету ауданды одан әрі дамыту үшін маңызды шарт болып табылады. Бүгінгі күні ауданда 14 мектепке дейінгі мекеме, 28 мектеп, 1 колледж, ЕЦ 166/5 жанындағы 1 кешкі мектеп жұмыс істейді. Партия алдағы бес жылға арналған өз жұмысында ұлт денсаулығын нығайтуға, халықты жаппай спортпен айналысуға тартуға бағытталатын болады.Осы сайлауға үміткер ретінде «Nur Otan» партиясының атынан қатыса отырып, ауыз жыртар құрғақ ұранды  сөз емес нақты құжат – «Nur Otan» партиясының Аршалы ауданы филиалының сайлауалды бағдарламасын негізге ала отырып, нақты қадамдар жасауымыз керек. Оның ішінде болашаққа аудан көлемінде жоспарланған іс-шаралардың бір парасына ғана тоқталдым.”деп аудан дамуына қатысты мәселелерге барынша жан-жақты түсінік беріп, сұрақтарға жауап берді. Мағыналы да мазмұнды кездесу болды.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Аршалы ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...