Пятница, 14 февраля, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерЕрейментауБіз лайықты өмір сүру үшін жағдай жасаймыз!

Біз лайықты өмір сүру үшін жағдай жасаймыз!

Сондай-ақ, оқыңыз...

Әлемдік пандемия елдегі тұрақты экономикаға, дәстүрлі өмір сүру форматына тікелей әсер етті. Осыған орай үкімет дағдарысқа қарсы шараларды әзірледі.

«Nur Otan» партиясының көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың «Biz birgemiz» акциясы аясында партияның мүшелері мен еріктілері 525 отбасына азық — түлік қоржынын жеткізіп, 469 адам 50000 мың теңгеден материалдық көмек алды.
Дамудың 7 басымдығын алға тарта отырып, кәсіпкерлерді қолдау бөлімінде «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 49 кәсіпкерге қолдау көрсетті.

Ерейментау аграрлық және мал шаруашылығымен айналысуға қолайлы өңір. Ауданымызда бірқатар наубайхана кәсіпорны бар. Наубайхана да нәпәқасын тауып жүрген жандар өте көп. Бұның өзі біршама азаматты жұмыспен қамту болып табылады. Дәл осы наубайхана жұмысшыларымен партия мүшесі — Калиев Талғат Асылханұлы жүздесіп, алдағы орындалатын жұмыстың ретімен таныстырып өтті.

Талғат Асылханұлы жұмыс орнын аралап, әрбір жұмысшымен жеке сұхбаттасып өтініштері ескерусіз қалмайды деп сендірді. Ал аудандық мәслихат депутаттығына үміткер — Абжиков Медеу Ерболұлы Төтенше жағдайлар комитеті қызметкерлеріне сайлауалды бағдарламаны таныстырды.

Ауданның қауіпсіздігі — төтенше жағдайлар комитетінің қызметкерлеріне тікелей байланысты екенін атап өтті. Медеу Ерболұлы бөлімшенің ішін аралап, құтқару көліктерімен, құрал — жабдықтардың сапасын қадағалап қайтты.
Партия шалғайдағы мекендерді қараусыз қалдырмайды.

Құрметті жерлестер, болашағыңыздың жарқын болуын қаласаңыздар «Nur Otan» партиясына дауыс беріңіздер!

Ақмола облысы Ерейментау ауданының «Nur Otan» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді»

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшінің әдебі оның кәсібилігінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады

Қазіргі мемлекеттік билік институттарына деген сенім деңгейі мәселесінің өзектілігі барған сайын артып келе жатқан қоғам жағдайында мемлекеттік қызметшілердің әдебі бүкіл мемлекеттік қызметтің тиімді және...

Ақмола кәсіпкерлері қаржы вице-министрімен кездесуде салық реформаларын талқылады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірлердегі бизнес-қауымдастықтармен үкіметтің бастамаларын талқылайтын алты жұмыс тобы іске кірісті. Солардың бірін басқарған ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Ақмола кәсіпкерлерімен...

Облыстың мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссиясының қызметі қорытындыланды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының төрағалары үшін семинар ұйымдастырып, онда 2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың тәртіптік...

Азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органнан босатылғаннан кейін жұмыс берушіден қызметкерге тиесілі есеппен және төленген сомамен...

Адам құқықтары-ең жоғары құндылық

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі Джанбекова Гүлнәр Хамитқызымен сұхбат. - Гүлнар Хамитқызы Қазақстанда азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша қандай шаралар қабылданып...