Вторник, 22 апреля, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерАршалыБізді ортақ мақсаттар біріктіреді!

Бізді ортақ мақсаттар біріктіреді!

Сондай-ақ, оқыңыз...

«Nur Otan» партиясы атынан   Аршалы аудандық маслихат депутаттығына үміткерлер «Аршалы балалар мен жас өспірімдер мектебі»КММ директоры  Бижанов Нурсултан Муратұлы мен «Турлубеков Е.Т» ШҚ атқарушы директоры Турлубеков Санат Ерыкұлы  үгіт -насихат жұмыстарын жүргізді.  

   «Біздің басты құндылығымыз — Адам, оның қадір-қасиеті мен құқы,  амандық-саулығы мен мүдделері»- деп бастаған  Н.М. Бижанов «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасының жеті бағытымен таныстыра отыра, аудан  тұрғандарын алдағы сайлауда дұрыс  таңдау жасауға шақырды.

    Әр азамат туғаннан дені сау, білімді болуға, еңбек етуге, лайықты еңбекақы табуға, отбасын құруға, жеке баспана иеленуге, өз балаларының болашағын қамдауға мүмкіндік беретіндей әлеуметтік және басқа да игіліктерге кепілді әрі тең тұрғыда қол жеткізе алуға мүмкіндік  жасап  отырған «Nur Otan» партиясының бағыттары жайлы  Санат Ерыкұлы  тоқталып өтті.

    Сонымен қатар Аршалы ауданының алдағы  5 жылға  жоспарланып  отырған жұмыстарымен таныстырды.  Соның бірі,  Ауданымызда  бұқаралық спортқа жағдай жасау.  «Nur Otan» партиясы  алдына қойған жоспарлау халық денсаулығын нығайтуға,  халықты жаппай спортпен айналыстыруға бағытталған.  Ауданымызда 49 спорттық  ғимараттар жұмыс жасайды.  1 спорт алаңы, 18 спорт залы, 7 спорттық корты,  26 футбол алаңы бар.  Дене шынықтыру және спортпен айналысатын  азаматтарды қамту  7955 адам. Бұл ауданымыздың  28,8  пайызды құрайды.

      2021  жылға  Аршалы кентінде дене шынықтыру  сауықтыру кешенінің құрылысы  және халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуін 100 адамға шаққанда 30,3 пайызға  дейін ұлғайту жоспарланып отырғандығын айта кетті.

     Біз әрдайым биік межелерді көздеп, мақсатымызға қол жеткізіп келеміз. Біздің болашаққа ұмтылысымыз және жетіле түсуге ұдайы талпынысымыз — Қазақстанның одан әрі өркендеуінің аса маңызды шарты.Сондықтан да жаңа оқу-білімге ұмтылу, еңбек ету және басқалардың еңбегін құрметтеу, өз денсаулығына дұрыстап қарау және дәйім өзін өзі ұштап отыру әрбір азамат үшін өмірінің қалыпты қағидасына айналуы керектігін сөз ете отыра,  алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге  шақырды.  «Nur Otan» партиясы қашан да халықпен бірге!

   Біз әр азаматтың әлеуетін, жасампаздық күш-қуатын, болашаққа деген сенімі мен білімін өз Отанымыздың игілігіне жұмсауға тиіспіз!

«Nur Otan» партиясының  Ақмола облысы  Аршалы ауданының  Сайлау қорының  қаражатынан төленді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жолшылар Көкшетау қаласының колледж студенттерімен кездесті

Жолшылар Көкшетау қаласының мектептерінің түлектерімен кездесті. «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК Ақмола облысы бойынша филиалы ұжымы арнайы мектепке барып, кәсіби-бағдар беру жұмыстарын жалғастырып...

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2025 жылдың І тоқсаны ішіндегі...

Биыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикер атап...

Жоғары оқу орындарының 25 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...

50 мемлекеттік қызметші Ақмола облысында жоғары лауазымдарға тағайындалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Оның айтуынша,...