Бұл туралы ӨКҚ алаңында өткен брифинг барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық департаменті басшысы Арман Рахимов мәлімдеді.
Спикердің ақпараты бойынша, ағымдағы жылы Агенттік кәсіпкерлердің нақты мәселелерін шешуде практикалық көмек көрсетуді көздейтін «Бизнеске жол» жобасын іске асыруда. Бүгінгі таңда жоба аясында өңірдің 300-ден астам кәсіпкерлеріне түрлі әкімшілік кедергілерді еңсеруге көмек көрсетілді. ТКШ, денсаулық сақтау, білім беру, жер қатынастары, құрылыс, экология және басқа да көптеген әлеуметтік маңызды салалар қамтылды.
Мысалы, денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін ЖШС мемлекеттік сатып алу туралы шарт шеңберінде Жарқайың және Сандықтау аудандарының ауруханаларына 3 млн теңгеден астам сомаға дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар берген, алайда ауруханалар ұзақ уақыт бойы берешегін төлемей келген. Осыған байланысты кәсіпорын өз жұмысшыларының жалақысын төлеуде және салық төлеуде қиындықтарға тап болды. «Атамекен» алаңында медициналық мекеменің отырысы өткеннен кейін кәсіпкерге дәрі-дәрмек жеткізгені үшін қарыз төленді.
Сондай-ақ, «Бизнеске жол» жобасы аясында бүгінгі таңда Департамент, оның ішінде «Атамекен» ӨКП-мен бірлесіп, 400-ден астам ШОБ өкілдері қатысқан 25-ке жуық диалог алаңдарын ұйымдастырды. Мұндай кездесулер жүйелі түрде, Өңірлік палата алаңында, Антикор орталығында немесе кәсіпкерлердің базасында өткізіледі.
Антикор адал бизнеске тек алдын алу шараларымен ғана көмектесіп қоймай, сонымен қатар кәсіпкерлік істерге заңсыз араласу фактілерінің жолын кеседі. Мәселен, биыл екі мемлекеттік органның лауазымды тұлғалары бизнес субъектілеріне қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша сотталды (үкім заңды күшіне енген жоқ).
«Бизнес-қоғамдастықты қорықпауға, толғандыратын мәселелерді ашық талқылауға, мемлекеттік органдар тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністері мен негізсіз кедергілер жасау туралы хабарлауға шақырғым келеді. Ол үшін Агенттігінің 1424 Call-орталығы жұмыс істейді, Антикор орталығы ашық, және де өзім әрқайсысын жеке тыңдап, қажетті көмек көрсетуге дайынмын», — деп қорытындылады Арман Рахимов.