Ақмола облысы Жастар ресурстық орталығымен өзара іс-қимыл туралы жасасқан меморандум шеңберінде Жастар рухы қоғамдық қозғалысы өкілдерімен бірлескен жұмыссыз жастар үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңке барысында Департамент өкілдері қатысушыларды мемлекеттік қызметке орналасу және оны өткеру тәртібімен, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу және конкурс өткізудің уақытша қағидаларымен таныстырды.
Сонымен қатар қатысушыларға мемлекеттік қызметке конкурстан тыс орналасу мүмкіндіктері жөнінде толығырақ ақпарат берілді.
Осындай бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері жастарға жұмыс берушілермен тікелей кездесуге, бос жұмыс орындарымен танысуға, қызықтыратын сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік беріп, жастардың жұмысқа орналасуына септігін тигізеді.