Сенбі, Шілде 27, 2024
20.4 C
Kokshetau
26 C
Nur-Sultan
37 C
Almaty
ЖаңалықтарОқиғаҚылмысБурабайда казино қызметкері прокурорға пара ұсынған

Бурабайда казино қызметкері прокурорға пара ұсынған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаменті Бас прокуратураның Ішкі тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп «Cash Ville» казиносы заңгерінің қылмыстық әрекетіне ден қойды, деп жазды ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.

Прокурорлық тексеру кезінде казино өкілі прокуратура қызметкеріне пара ұсынған. Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде қылмыстық әрекетті имитациялаған қадағалау органының қызметкеріне 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара беру дерегі құжатталды.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 367-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 2023 жылдың 28 қаңтарында Көкшетау қаласының тергеу соты күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...