Бүгін жедел-құтқару жасағының қызметкерлері таудан 1958 жылы туған әйелді түсірді. Красный Яр ауылының тұрғыны Бурабай ауданы Көкшетау тауына көтеріліп, 300 метр биіктікте аяғын жарақаттап алған. Құтқарушылар әйелді зембілмен түсіріп, жедел жәрдем көлігіне тапсырды.
Ақмола облысының ТЖД таудағы қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды. Төтенше жағдай туындағандаған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалыңыз!
Ақмолоа облысы ТЖд баспасөз қызметі.