Четверг, 21 ноября, 2024
ЖаңалықтарӨңірлерАршалы“Дұрыс таңдау-болашақтың кепілі”

“Дұрыс таңдау-болашақтың кепілі”

Сондай-ақ, оқыңыз...

Волгодонов селолық округінде Аршалы ауданы “ Nur Otan ” партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына  үміткер Қыдырбаева Т.Ұ бюджеттік мекеме қызметкерлерімен, оның ішінде атап айтар болсақ, мектеп мұғалімдерімен және медицина қызметкерлерімен  онлайн режимде кездесу өткізді. Кездесу барысында “Nur Otan” партиясының әлеуметтік саланы көтеру барысындағы басым бағыттарға тоқтала отырып, сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Мен Қыдырбаева Тыныштық Ұзақбайқызы , Волгодонов орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, қарапайым мұғалім ретінде  еліміздегі ірі  саяси оқиға 10 қаңтарында  жоспарлаған сайлауға қоғамда болып жатқан саяси оқиғаларға сырт қарап,сыншы болмай, қайнаған тірлігіне араласып, қоғамға қызмет ету мақсатында үміткер ретінде тіркелдім.

✅Бұл додаға ұранды сөз,құрғақ уәдемен емес, білім беру жүйесі мен ұстаздар қауымына, ауыл халықына пайдасы тиер, қолымнан келер бір іспен болса да үлесімді қосқым келеді.

✅Саналы ұрпаққа берілген сапалы білім — болашақтың кепілі. Қазақстанның білім беру жүйесі үлкен өзгерістер мен тоқырауды бастан кешірді. Осынау еліміздегі сын сағатта білім беру жүйесіне заманауи технологиялар мен әдістерді енгізу үшін, сапалы білім үшін күресуге және білім беру әлеуетін көтеруге;

✅Ауыл мектебінің заманауи жабдықталуы үшін жұмыстану;

✅«Алты алаштың баласы бас қосқанда, төр мұғалімдікі» деп М. Жұмабаев айтып өткендей, мұғалім мәртебесінің жоғары болуына барынша ықпал етсем деймін.

✅«​Nur Otan» партиясы Ауыл азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдайды. Бұл бағытта «Ауыл — ел бесігі», «Құтты мекен», «Аймақтарды дамыту», «Нұрлы жер», «Нұрлы жол», «Нұр-Сұлтан қаласының маңын дамыту» жобаларын іске асыру жалғасады. «Ауыл -ел бесігі» бағдарламасы аясында Бабатай-Волгодоновка жолының жөнделу мәселесін көтеру;

  • 2022-2023 жылдары 6 ауылда (Жібек жолы, Волгодоновка, Разъезд, 42, Бабатай, Қойгелді, Қостомар), жалпы ұзындығы 50 км. кентішілік жолдарды жөндеуге қол жеткізу;
  • 2021 жылы Бұлақсай  ауылдық округінде «Ақ-қайын» демалыс аймағының құрылысы, 300 адамға, 200 жұмыс орнын құрумен;

     «Nur Otan» партиясының міндеті ауданды тұру үшін жайлы ғана емес, сонымен қатар қауіпсіз ету. «Nur Otan» партиясы қылмысқа қарсы күрес жөніндегі құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін арттыруға, төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының 2025 жылға 100% — ға дейін қамтамасыз етілу деңгейін арттыруға жәрдемдесетін болады.

  •  2023 жылы Бұлақсай ауылында 1 өрт сөндіру бекетін құру

✅2025 жылы Бабатай станциясы, Волгодоновка, Қойгелді және Жалтыркөл ауылдарында сумен жабдықтаудың таратушы желілерін қайта жаңартуды жүргізу;

✅Мен ынта-жігеріммен, бойымдағы тәжірбием мен білімімді алға қойған мақсаттарымның орындалуына жұмсаймын.

Менің мақсаттарым әрине сіз,халықтың қолдауымен жүзеге аспақ.

Қазіргі уақыт бос уәденің емес,тынымсыз еңбек пен нәтиженің уақыты. Осындай ұстаныммен өзімді қолдайтын халықтың игілігі үшін қызмет етіп жүрмін” деп  округ дамуына қатысты мәселелерге барынша жан-жақты түсінік беріп өтті үміткер.

 «Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Аршалы ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...