Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидия тағайындау кезінде проблемаларға тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді.
Осылайша, кәсіпкер Ж. Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасына 76 084 528 (жетпіс алты миллион сексен төрт мың бес жүз жиырма сегіз) теңге сомасына жұмыртқа сұрыптау машинасын сатып алу бойынша шығыстарының бір бөлігін өтеу жөніндегі субсидиялауға өтінім тапсырған.
Мемлекеттік орган, Қағидаларға сілтеме жасай отырып, пайдалануға берілген инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық субсидия өтінім тапсырылғанға дейін екі жылдан ерте емес берілетініне байланысты, субсидиялар тағайындаудан бас тартты.
Мұндай шешіммен келіспей, кәсіпкер Департаментке шағым түсірді.
Департаменттің лауазымды тұлғалары өтінішті қарау барысында Басқарма жабдықты сатып алу мерзімін дұрыс есептемегенін анықтады.
Осыған байланысты Департамент шағымданған мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуды негізсіз деп танып, Басқармаға өтініш берушінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру туралы шешім енгізді.
Нәтижесінде Басқарма кәсіпкерге субсидияларды тағайындап, онымен жұмсалған қаражатты өтеу туралы шарт жасасты.