Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті Көкшетау қаласының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету бөлімі екі көлік құралын тіркеуге құжаттарды қабылдаудан заңсыз бас тартуы бойынша көрсетілетін қызметті алушының бұзылған құқықтарын қалпына келтірді.
Осылайша, азамат Ж. тыйым салынған мүлікті сату бойынша аукционда көлік құралдарын сатып алды. Бұдан әрі сатып алынған автокөліктерге құқықтарын мемлекеттік тіркеу үшін ол Көкшетау қаласының мамандандырылған ХҚКО-ға жүгінді, онда құқық белгілейтін құжаттарда Vin код туралы мәліметтердің болмауына байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылданбаған. Мамандандырылған ХҚКО өз бас тартуында Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықты өткізу регламентіне сілтеме жасаған.
Өтініш беруші автокөліктерді заңнамада көзделген тәртіппен сатып алды, оларды сатып алуға айтарлықтай шығындарға ұшырады, сондықтан тіркеуден бас тарту оған көлік құралдарын одан әрі пайдалануға кедергі тудырды.
Осыған байланысты көрсетілетін қызметті алушы Департаментке құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатқа шағымданды.
Департаментті тексеру барысында өтініш берушіге құжаттарды қабылдаудан бас тартылған регламенттің бұл жағдайда қолданылмайтындығы анықталды, өйткені ол мемлекеттік органдар өткізетін сауда-саттықтың басқа объектілерді сатуға арналған.
Сонымен қатар, полиция органдарының дерекқорынан ұсынылған мәліметтерге сәйкес, аукцион қорытындысы бойынша өтініш берушіге берілген құқық белгілейтін құжаттарда көрсетілмегеніне қарамастан, автокөліктердің VIN кодтары болған.
Істің барлық мән-жайларын зерделей келе, Департамент өтінішті қабылдаудан бас тартуды негізсіз деп танып, Мемлекеттік корпорацияның Ақмола облысы бойынша филиалына көрсетілетін қызметті алушының бұзылған құқықтарын қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдау туралы нұсқама енгізді.
Нәтижесінде өтініш берушіден мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттар қабылданып, оның көлік құралдарына құқықтары тіркелді.