ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру нысанында талдау жүргізеді.
Департамент Агенттікке «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу» функциясын Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне қосу туралы ұсыныс енгізді.
Функцияның мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қатарына қосылуы қызмет алушылардың құқықтарын қаматамсыз етуде басымдылық береді, сондай-ақ оны электрондық нысанда көрсетуге, одан әрі дамытуға жағдай жасайды.
Департаменттің ұсынысы Агенттікпен мақұлданып, орталық уәкілетті органдарға жолданды.
Осылайша, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 4 қыркүйектегі № 535/НҚ бұйрығымен «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу» Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілді. Бұл аталған рәсімді жүзеге асыру барысында азаматтардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етудің тиімділігін, қызметтің қолжетімділігін, ашықтығын, сапасын арттыруға мүмкіндік береді