Пятница, 28 марта, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерБурабай"Ең басты құндылық - адам өмірі мен денсаулығы"

«Ең басты құндылық — адам өмірі мен денсаулығы»

Сондай-ақ, оқыңыз...

Кез келген сайлау науқанының саяси-маңызды кезеңдерінің бірі — сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары болып табылады.
Бүгін, 21 желтоқсанда, «Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Қанат Төлегенұлы Байбуров және аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Қасымхан Ерахметұлы Мажиков «Кәсіпкер» БПҰ мүшелерімен кездесу өткізу барысында партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, ауданның даму перспективаларын талқылады.

  • «2020 жыл бәріміз үшін үлкен сынақ жылы болды. Коронавирустық пандемия біздің өміріміз мен басымдықтарды өзгертті, көптеген сұрақтарға басқаша қарауға мәжбүр етті және біздің мемлекетіміздің басты құндылығы — адам өмірі мен денсаулығы екенін тағы да дәлелдеді. Қазақстан, әлемнің басқа елдері сияқты, ұзақ карантин мен шектеу шараларына байланысты үлкен қиындықтарға тап болды.
    Осы сын-қатерлерге қарамастан, «Nur Otan» партиясы экономиканы дамытудың тұрақтылығын қамтамасыз ету, жұмыспен қамтуды сақтау және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін, сондай-ақ біздің ауданымызды өмір сүру үшін қауіпсіз әрі жайлы ету үшін барлық күш-жігерін салатын болады. Біз бұған қалай жетуге болатынын нақты білеміз!»-деп түйіндеді депутаттыққа үміткер, «Мейірім-Бурабай» Мүгедектерді оңалту орталығы» ҚБ төрағасы Қанат Төлегенұлы.
    «Aqua Innovation Company» ЖШС директоры болып табылатын кәсіпкер Арман Табулдин да өз пікірімен бөлісті:
  • «Басқа бірде-бір партия мұндай міндеттемелерді өзіне алмайды және «Nur Otan»партиясы сияқты бизнес үшін сонша мүмкіндіктер жасамайды!».
    Үгіт-насихат кездесуін аяқтаған Қасымхан Ерахметұлы:
  • «Партия баршаға ашық! Біз сіздердің сындарлы ұсыныстарыңызды қолдауға дайынбыз және өзара тиімді ынтымақтастыққа үміттенеміз.
    Біз сіздердің сеніміңізді бағалаймыз және бірге жақсы нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенімдіміз! Сіздерді 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін сайлауға келіп, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамыз».

«NurOtan» партиясының Ақмола облысы Бурабай ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі – кәсіпкерлікке жағдай жасаудың құралы

2024 жылы Ақмола облысында 8 миллионға жуық мемлекеттік қызметтер көрсетілді.  Қызметтердің біраз түрі кәсіпкерлік жүргізу үшін ерекше маңызды сипақта ие, олар: құрылыс кезінде рұқсаттар...

Құны 5 миллиард теңгеден астам инвестициялық жобаны іске асыруға кәсіпкердің құқықтары қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Бурабай ауданының прокуратурасымен бірлесіп, құны 5 миллиард теңгеден асатын жобаны іске асыруға «Минеральные источники» жауапкершілігі...

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері талқыланды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жергілікті атқарушы органдардың персоналды басқару қызметтері өкілдерімен онлайн семинар өткізді. Семинар барысында мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін...

ҚР МҚІА департаменті 1,5 миллиард теңгеге шаруа қожалығының құқығын қорғады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті бұрын ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ауданы 2000 гектар жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартудан бас...

«Е-қызмет» жүйесінде жұмыс істеу бойынша онлайн мастер-класс

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің  бастамасымен «Е-қызмет» жүйесінде жұмыс істеу бойынша онлайн мастер-класс өтті. Мастер-класқа жергілікті атқарушы органдардың персоналды...