Вторник, 14 января, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерЦелиноградЕңбек ұжымы партияны қолдайтындықтарын білдірді.

Еңбек ұжымы партияны қолдайтындықтарын білдірді.

Сондай-ақ, оқыңыз...

Аудан тұрғындарымен кездесуден соң ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаты, Көкшетау университетінің ректоры Мади Сағынтайұлы Елюбаев үгіт-насихат жұмыстары шеңберінде Ақмола облысы, Целиноград ауданы орталығы Ақмол ауылында орналасқан «Ақмола-Феникс» АҚ еңбек ұжымымен кездесуін жалғастырды.

Ең бастысы еңбек ұжымымен кездесіп, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында алдағы жылдары өңірдегі бірқатар жобалар жүзеге асырылатындығы, қолға алынатын жобалар туралы кеңінен түсінік берді.

Кездесуде Мади Сағынтайұлы партияның өңір бойынша сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын түсіндірді. Белгіленген кездесулер барысында еңбек ұжымы өздерінің мәселелерінің шешімін кандидат жеткізген партияның сайлауалды бағдарламасынан тауып жатты.

Ұжыммен кездесу барысында аудандағы атқарылар жұмыстарға тоқталды. Сайлауалды бағдарламада көрсетілгендей ауданда әр сала бойынша жарқын істер күтіп тұрғанында айта кету керек. Ауылдық округтерде жол жөндеу жұмыстары, білім саласындағы оңды өзгерістер, тұрғын үй құрылыстары, туризмді дамыту, жұмыспен қамту бойынша толайым шаралар реті өз жалғасын табатындығын да еңбек ұжымымен үгіт-насихат кездесуінде айтқан кандидат әр сала бойынша кеңінен тоқталып өтті.

Атап айтқанда 2021 жылы Р. Қошқарбаев,Тайтөбе ауылдарында электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы, 2022 жылы Қараөткел, Қаражар, Қосшы ауылдарында электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы. 2023 жылы Қоянды, Шұбар ауылдарында электрмен жабдықтау желілерін салу. 2024 жылы Аққайың ауылында электрмен жабдықтау желілерін салу жоспарлануда.

«Ақмола-Феникс» АҚ еңбек ұжымы өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Бұдан кейін аталмыш кездесуде сөз сөйлеген ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер Көкшетау университетінің ректоры Мади Сағынтайұлы Елюбаев партияның сайлауалды бағдарламасында айтылған бірқатар жобалар мен бағыттарға тоқталып өтті. Алдағы жылы еліміздің тәуелсіздік алғанына 30 жыл толады. Осыған дейінгі уақытта елімізде партияның атсалысуымен көптеген игі істер жүзеге асырылды.

Кездесу барысында қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқаты мәселелеріне және өскелең ұрпақты тәрбиелеу сияқты маңызды салаға көп көңіл бөлінетіндігі де назардан тыс қалмады. Кездесу соңында еңбек ұжымына үгіт-насихат материалдары таратылды. Еңбек ұжымымен кездесуде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаты, Көкшетау университетінің ректоры Мади Сағынтайұлы Елюбаев «Nur Otan» партиясы үшін алдағы сайлауда өз дауыстарын беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Ақмола облысы Целиноград ауданы сайлау қорының қаражатынан төленді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...