Бұрын кісі өлтіргені үшін сотталынған «М.», «О.» және «С.»-пен алкогольді ішімдіктерді ішіп, олардың арасындағы жанжал кезінде «О.»-деген ер азаматқа бірнеше рет пышақ жарақатын салған. Ер адам алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Бұл қылмысты жасыру мақсатында, «М.» «С.»-деген әйелді өлтірді, оған бірнеше пышақ соғу арқылы.
Сөйтіп, «М.» жасалған қылмысты жасыру мақсатында, екі адамды өлтіріп, аса ауыр қылмыс жасады (Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 10),13)-тармақтары).
Сотталған «М.»-нің кінәсі келесі дәлелдемелермен расталды:
— жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен;
— болған оқиға орнын тексеру хаттамаларымен;
— жүргізілген сараптама қорытындыларымен;
— сотталған кінәсін толық мойындап келуімен;
— оның көрсеткен айғақтарының нақтылануын тексеру хаттамасымен және іс бойынша басқа да дәлелдемелермен.
Жазаны тағайындағанда, бұрын «М.» 2008 жылы кісі өлтіргені үшін сотталып, 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын толық өтегенін сот ескерді.
Нәтижесінде, сот оның әрекеттерінде қылмыстардың қауіпті қайталануын анықтады.
Сот үкімімен «М.» екі адамды өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Жәбірленушілерге моральдық зиян мен материалдық залалды өтеу туралы талап арыздар қанағаттандырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот.