Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылғы желтоқсанның 1-нен бастап өңірде республикалық «Ақбөкен» жедел-алдын алу шарасы өтіп жатыр. Акцияның алғашқы күні Зеренді ауданының Баратай мен Қызылсай ауылдарының арасында заңсыз елік атып алған браконьерлер қолға түсті.
«Аңшылық шаруашылығының инспекторлары мен полиция қызметкерлері «УАЗ» автокөлігін тоқтатты. Көлік салонында 65 жастағы жүргізуші мен үш жолаушы болды. Көлікті тексеру кезде АТА ARMS маркалы бір ұңғылы мылтық, МР-153 маркалы үш ұңғылы мылтық табылды. Сонымен бірге, Машинаның жүксалғышында оқтың іздері бар екі сібір елігінің өлекселері тәркіленді», — деп бөлісті ведомстводан.
Тәртіп сақшылары Қылмыстық кодекстің 337-бабының 3-ші бөлігі «заңсыз аңшылық» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қажетті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша түпкілікті процессуальдық шешім қабылданады.