Елорда маңында болған жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды

0

Ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде сағат 07:12 шамасында Шортанды ауданының полиция бөліміне Астана қ. ЖБО кезекшісінен «Астана-Петропавл» автожолының 26 шақырымында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

Полиция қызметкерлері «ВМW» маркалы автокөлігінің жүргізушісі Степногорск қаласының 29 жастағы жүргізушісі Көкшетау қаласы бағытында келе жатып, рөлде Целиноград ауданының 24 жастағы тұрғыны отырған «Газель» маркалы автокөлігімен соқтығысуға жол бергенін анықтады. Жол апаты салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның шеңберінде сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Полиция қызметкерлері жол қозғалысының барлық қатысушыларына белгіленген жол қозғалысы ережелері мен жылдамдық режимін сақтау қажеттігін тағы да еске салады.