Среда, 30 апреля, 2025
ЖаңалықтарМаңыздыЕлорда мен 11 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Елорда мен 11 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Елорда мен Қазақстанның он бір өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

17 қаңтарда Қызылорда облысының орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылорда қаласында да тұман түседі, көктайғақ.

17 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығыста жаяу бұрқасын болады. Облыстың солтүстігінде тұман түседі.

17 қаңтарда түнде Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с жетеді.

17 қаңтарда түнде және таңертең Түркістан облысының таулы, тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Ал өңірдің оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында жел тұрады, күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с.

Шымкентте түнде және таңертең қатты жауын-шашын, жаңбыр басымырақ жауады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Түркістанда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

17 қаңтарда Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман тусуі ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде жаяу бұрқасын болады. Қарағандыда да түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 18 м/с жетеді.

17 қаңтарда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20, ал күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Көкшетауда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. 17 қаңтарда түнде Маңғыстау облысының басым бөлігінде, күндіз батысында, солтүстігінде көктайғақ болады.

Ақтауда да көктайғақ. Елордада 17 қаңтарда түнде және таңертең бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с. 17 қаңтарда

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Өскеменде — көктайғақ. Семейде де көктайғақ болады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Трамп АҚШ-ты жарылқай ма, әлде жарға жыға ма?

Дональд Трамптың АҚШ президенті қызметіне кіріскеніне бірнеше айдың ғана жүзі болса да, ол алпауыт елдің болашағына көлеңкесін түсірер біраз шаруаларды жасап тастады.  АҚШ президенті...

Жолшылар Көкшетау қаласының колледж студенттерімен кездесті

Жолшылар Көкшетау қаласының мектептерінің түлектерімен кездесті. «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК Ақмола облысы бойынша филиалы ұжымы арнайы мектепке барып, кәсіби-бағдар беру жұмыстарын жалғастырып...

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2025 жылдың І тоқсаны ішіндегі...

Биыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикер атап...

Жоғары оқу орындарының 25 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...