spot_img
- Жарнама -spot_img
23.2 C
Kokshetau
ЖаңалықтарОқиғаЕсіл ауданында кранның  50 метр мыс кабелін ұрлаған күдіктілер ұсталды

Есіл ауданында кранның  50 метр мыс кабелін ұрлаған күдіктілер ұсталды

-Жарнама -spot_img

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қаңтардың 27-де Есіл аудандық полиция бөліміне жергілікті ЖШС –нің күзетшісі хабарласып, белгісіз біреулердің шеберхананың техникалық бөлмесінің есігіндегі құлыпты бұзып, кранға арналған ұзындығы 50 метр мыс сым кабелін ұрлағанын айтқан.

«Жедел іздестіру шарасы барысында күдіктілер анықталып,  Есіл ауданының 25 және 28 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Анықталғандай, күдіктілер ұрланған кабельді гаражда бөлшектеп, түсті металл қабылдайтын орынға өткізген. Заттай айғақтар алынды», – деп атап өтті ведомстводан.

Қазіргі кезде, күдіктілердің үстінен ҚР ҚК 188 бабының 3 бөлігі «ұрлық» бойынша із қозғалып, сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде. Күдіктілерге қатысты «шақырғанда келу міндеттемесі» процессуалдық шарасы  қол алынды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img