spot_img
spot_img
7.7 C
Kokshetau
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетау«Естелік саябағы» акциясы: Көкшетауда «Құлагер» ескерткішінің маңына 100 түп ағаш отырғызылды

«Естелік саябағы» акциясы: Көкшетауда «Құлагер» ескерткішінің маңына 100 түп ағаш отырғызылды

-Жарнама -spot_img

Ақмола облысының жастар-ресурстық орталығы ұйымдастырған шара ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева бастаған  республикалық «Киелі табиғат» экологиялық жобасы аясында өткізілді.

Көкшетау қаласынан шыға берістегі «Көкшетау-Щучинск» тас жолының бойындағы «Құлагер» ескерткіштің маңында өткен шараға облыстық экология департаментінің қызметкерлері, «Көкше-цемент» және КДА зауыттары тәрізді жергілікті кәсіпорындардың ұжымдары мен волонтерлер, мемлекеттік қызметшілер қатысып, 100-ге жуық ағаш отырғызды.

Шараның басты мақсаты – жастарды өздері тұратын елді- мекеннің экологиялық жағдайын жақсарту жұмыстарына тарту, сондай – ақ, табиғатты сақтау және ұқыпты қарау мәдениеті мен дағдыларына баулу. Акция Ақмола облысының барлық аудандары мен қалаларында жалғасты.

«Бұл «Естелік саябағы»  Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлеріміздің, елім, жерім деп қызмет бабында қаза тапқан азаматтарымызға арналған  естелік болып қалады!», –  деп атап өтті Ақмола облысының жастар-ресурстық орталығының басшысы Мәнсия Есекеева.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img