Пятница, 22 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамМедицинаЕт және ет өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі

Ет және ет өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ет-халықтың негізгі тағамдарының бірі. Оның тағамдық құндылығы, ең алдымен, барлық маңызды аминқышқылдары, сондай-ақ майлары бар толық ақуыздардың құрамымен анықталады. Әр түрлі жануарлардың етіндегі ақуыз мөлшері 14-тен 24%-ға дейін ауытқиды. Еттің құрамында темір, фосфор, А, В1,, В6, В12 дәрумендері көп.

Ет жұқпалы аурулардың зооноздарының, бірқатар гельминтоздардың берілу факторына айналуы мүмкін, олардың қоздырғыштары табиғи жағдайда адамдарға беріледі. Сондықтан, өз қауіпсіздігі мақсатында ет, ет өнімдерін белгіленбеген орындарда сатып алу ұсынылмайды.

Ет, ет өнімдері және сойылатын жануарлардың қосымша өнімдерінің қауіпсіздігі Кеден одағының 034/2013 «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», КО ТР 021/2011 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне сәйкес нормаланады.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің 2022 жылдың 1 жартыжылдығына арналған жоспар-кестесіне сәйкес Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өнім қауіпсіздігінің мониторингі бойынша ет өнімдерінің 186 үлгісін іріктеп алды, оның ішінде 23 сынама (12,4%) КО ТР талаптарына сәйкес келмеген, оның ішінде: микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкес келмегені — 8 сынама (4,3%); өнімді таңбалау бойынша — 8 сынама (4,3%) (сақтау шарттары, өндірілген күні, жарамдылық мерзімі, мемлекеттік тіл және өнім айналымының бірыңғай белгісі туралы ақпараттың болмауы);  физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша — 4 сынама (2,2%); өзге көрсеткіштер бойынша (тұтынушыны алдау) — 3 сынама (1,6%).

Барлық сатылатын ет өнімдерінде оның шығу тегін, сапасы мен қауіпсіздігін растайтын ілеспе құжаттар (жүкқұжат, сәйкестік декларациясы, ветеринариялық анықтама немесе ветеринариялық куәлік) болуы тиіс. Қажет болса, сіз әрқашан сатушыдан сатып алынатын өнімге қажетті барлық құжаттарды сұрай аласыз.

Дүкен немесе базардың сөлеріне түспес бұрын, сапа мен қауіпсіздіктің барлық талаптарына сәйкес кесілген ет ветеринариялық-санитариялық бақылаудан өтеді. Сатуға арналған ұшалар міндетті түрде таңбаланады, қолға ветеринариялық анықтамалар, куәліктер беріледі.

Ет тағамдарын дайындау кезінде Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бірқатар ережелерді сақтауды ұсынады:

— бүліну белгілері бар ет (тайғақ беті, жағымсыз, тән емес иіс) одан әрі аспаздық өңдеуге және тамаққа пайдалануға жарамсыз;

— ерітілген етті екінші рет қатыруға жол бермеу;

— сақтау кезінде тауар көршілестігі шарттарын сақтау қажет (тоңазытқыштың бір сөресінде шикі етті және тұтынуға дайын өнімдерді сақтамау);

— етті мұқият қайнату және қуыру керек: ет тағамдарының дайындығы түйреп алған орнында түссіз шырынның шығуы және өнімнің туралған  жерінде сұр түспен анықталады;

— тамақ дайындау процесінде жеке гигиена ережелерін сақтау.

Ақмола облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінен.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...