-28.8 C
Кокшетау
Воскресенье, 10 декабря, 2023
ЖаңалықтарӘлемГрузияда соңғы тәулікте 3 рет жер сілкінді

Грузияда соңғы тәулікте 3 рет жер сілкінді

-Жарнама -spot_img

Шығыс Грузияда соңғы тәулікте бірден үш рет жер сілкінді. Бұл туралы Ұлттық сейсмикалық мониторинг орталығының сайты жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Новости-Грузияға» сілтеме жасап.

Жергілікті уақытпен 10 тамыз күні сағат 18:34-те Дманиси қаласынан батысқа қарай 24 шақырым қашықтықта күші 3,1 баллдық жер сілкінді. 11 тамызда 01:14-те Ниноцминда қаласынан шығысқа қарай 25 шақырым қашықтықта, Самеба ауылында 3,2 баллдық жерасты дүмпуі сезілді. Үш минуттан кейін 3,1 магнитудалы афтершок болды. Соңғы айда Грузияда 1,2 мыңнан астам зілзала тіркелген. Олардың басым бөлігі Джавахет жотасында, Самеба ауылында болған. Ұлттық сейсмикалық мониторинг орталығының басшысы Тея Годоладзе Netgazeti басылымына берген сұхбатында сарапшылар бұл процестерге таңғалмайтынын айтты. Себебі, Джавахет жотасында жанартау орналасқан. Гоголадзенің пікірінше, зерттеу нәтижесіне сәйкес, бұл құбылыс тұрғындарға аса қауіп төндірмейді. Грузия – сейсмикалық белсенділігі орта деңгейдегі ел. Грузияда ең қатты жер сілкінісі 1991 жылы Рача және Имерети (Батыс Грузия) өңірлерінде болған. Эпицентріндегі жерасты дүмпуі 9 баллға жеткен. Салдарынан 200 адам қаза тауып, 46 мың үй мен өнеркәсіп нысаны қирады.

Дереккөз:  ҚазАқпарат

- Жарнама -spot_img
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img