ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында бақылау іс-шараларын тұрақты негізде іске асырады.
Бүгін Департамент басшысы Берген Беспалинов Ақмола облысы бойынша мамандандырылған ХҚКО-ға және «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Ақмола облысы бойынша филиалының Көкшетау қаласындағы № 2 ХҚКО-ның бөліміне барды.
Сапар барысында мамандандырылған ХҚКО-дағы автодромның жұмысына, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігіне назар аударылды. Сонымен қатар, Б.Беспалинов ХҚКО фронт-кеңселері дизайнының жаңа форматымен танысты. Кейіннен қызметтерді ыңғайлы алу үшін ХҚКО-ның жұмыс принципін өзгерту жоспарлануда. Б.Беспалиновтың айтуынша, пандемия да, төтенше жағдай режимі де мемлекеттік қызмет көрсету сапасына әсер етпеуі тиіс.
Бүгінгі күні «Жүргізуші куәліктерін беру» және «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, есепке алу және есептен шығару, сондай-ақ көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктер мен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру» сияқты мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу Еgov арқылы онлайн форматта, сондай-ақ «Kaspi.kz» және «Homebank» мобильді қосымшалары біршама ыңғайлы болғанын атап өткен жөн.