Пятница, 28 марта, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауХалық үшін қызмет істейміз

Халық үшін қызмет істейміз

Сондай-ақ, оқыңыз...

Дәл осындай уәдесін берген «NurOtan» партиясы Ақмола облыстық филиалы атынан ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа кандидаттар Бурабай ауданындағы «Орленок» ЖШС директоры Павел Безвербный, Сандықтау ауданының әкімі Асқарбек Үйсінбаев және Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Мәди Елубаев қазірдің өзінде халқына қалтқысыз қызмет етіп жүрген азаматтар. Бірі жас ұрпақтың денінің сау болуынан мүдделі болса, енді бірі білімді жастардың қатарының көбеюіне үлес қосуда, ал енді бірі ауыл-аймақтың ахуалын жақсартуға тырысып келеді.

«Кәсіпкер» бастауыш партия ұйымы өкілдерімен кездесу барысында сұрақтан гөрі, ұсыныс-тілектер көп айтылды. Ақмолалықтар Көкшетау қаласының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтуға назар аударса дейді. Жолаушылар тасымалы мекемесінің жетекшісі Рүстем Қалышев  D және D1 категориялы жүргізушілер жоқтың қасы деді. Бүгінгі таңда бір ғана облыс орталығында 200-ден астам жүргізуші жетіспейді. Күні ертеңдері қазіргі жүргізушілер зейнетке шықса, жолаушыларды тасымалдайтын адам қалмайды.

Кездесу барысында өңірдің бас санитар дәрігерінің қаулысына көңілі толмайтын кәсіпкерлер қатары көп екені айтылды. Себебі, соның салдарынан қаншама кәсіп иесі  шығынға ұшырады. Халық денсаулығы басты назарда екені де шындық. Дегенмен жаппай аурудың таралуын болдырмаудың жалғыз алғышарты осы болып тұр. Сондықтан кәсіп иелеріне әзірше қызмет түрін өзгерту ұсынылды.

Кандидаттар барлық ұсыныс-тілектерді тыңдап, алдағы уақытта шешімін табу жолында жұмыс істеуге уәде етті.

Мақала ақысы «Nur Otan» партиясы Көкшетау қалалық Сайлау қорының қаражатынан төленді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі – кәсіпкерлікке жағдай жасаудың құралы

2024 жылы Ақмола облысында 8 миллионға жуық мемлекеттік қызметтер көрсетілді.  Қызметтердің біраз түрі кәсіпкерлік жүргізу үшін ерекше маңызды сипақта ие, олар: құрылыс кезінде рұқсаттар...

Құны 5 миллиард теңгеден астам инвестициялық жобаны іске асыруға кәсіпкердің құқықтары қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Бурабай ауданының прокуратурасымен бірлесіп, құны 5 миллиард теңгеден асатын жобаны іске асыруға «Минеральные источники» жауапкершілігі...

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері талқыланды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жергілікті атқарушы органдардың персоналды басқару қызметтері өкілдерімен онлайн семинар өткізді. Семинар барысында мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін...

ҚР МҚІА департаменті 1,5 миллиард теңгеге шаруа қожалығының құқығын қорғады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті бұрын ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ауданы 2000 гектар жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартудан бас...

«Е-қызмет» жүйесінде жұмыс істеу бойынша онлайн мастер-класс

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің  бастамасымен «Е-қызмет» жүйесінде жұмыс істеу бойынша онлайн мастер-класс өтті. Мастер-класқа жергілікті атқарушы органдардың персоналды...