Четверг, 19 сентября, 2024
ЖаңалықтарЖемқорлық«IQanat High School of Burabay» мектебінің оқушылары үшін адалдық сағаты өткізілді

«IQanat High School of Burabay» мектебінің оқушылары үшін адалдық сағаты өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаменті «Адалдық сағаты» республикалық акциясы аясында «IQanat High School of Burabay» мектебінің оқушыларымен кеңес өткізді.

Кездесу барысында облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Сағыныш Аяғанова Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысы және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілік», «Бизнеске жол» және т.б. сияқты іске асырылып жатқан жобалар туралы айтып берді.

Спикер қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тартудың маңыздылығын, ерте жастан балалардың бойында берік адамгершілік қасиеттерін, берік азаматтық ұстанымын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың тұрақты дағдыларын қалыптастыру қажеттігін атап өтті.

Оқушылар арасында сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін анықтау үшін сауалнама жүргізілді.

Кездесу ашық диалог форматында өтті, оқушылар өз сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы бейнеролик көрсетілді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Қашықтықтан бақылау нәтижесінде 363 қызмет алушының құқықтары сақталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Е-лицензиялау» жүйесінде қашықтықтан жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша 363 қызмет алушылардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етті. Осылайша, бұған...

Ақмола облысында 119 мемлекеттік қызметші үстеме жұмысқа тартылған

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары, аппарат басшылары және әдеп жөніндегі уәкілдер үшін семинар ұйымдастырып, онда 2024...

Ақмола облысында өңірлік кадр резерві жасақталды

Ақмола облысы кадр комиссиясының шешімімен өңірлік кадр резервіне 25 адам іріктелді. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет...

«Өнерлі шаңырақ» облыстық байқауының жеңімпазы анықталды

Байқауға Ақмола облысының 13 өнерлі отбасылары қатысты. Гран-при иегерлері Қосшы қаласының Жайбусиновтар отбасы Нұрғиса Тілендиевтің “Ата толғау” күйін домбыра, бас домбыра, сырнай, сылдырмақ, шаңқобыз...

Степногорск қаласының прокуратурасы 40 млн теңгені жымқыру фактісін анықтады

Қала прокуратурасы мемлекеттік мекеме бухгалтерінің қаражатты ұрлау фактісін анықтады. Бухгалтер екі жыл бойы депозиттік шоттың ақшалай қаражатын мақсатсыз жұмсаған және мемлекеттік сатып алудың қатысушы болып...