Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау шеңберінде Ақмола облысының қан орталығында «Қан тапсыру» бойынша науқан өткізілді.
Науқанның мәні тек қан тапсыру ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер арасында донорлықтың маңыздылығын арттыру болды. Қатысушылар қан тапсыру арқылы денсаулықтарын нығайтып қана қоймай, адам өмірін сақтап қалуға жәрдемдесуге ұмтылып, асыл бастамаға үлестерін қосты.
Бұл науқан қоғамдық денсаулық пен әлеуметтік жауапкершілікті сақтауға бағытталған мемлекеттік пен қоғам арасындағы тиімді өзара іс-қимылдың үлгісі болды.
Қан тапсырар алдында барлық донорлар мұқият медициналық тексеруден өтті, ал дәрігерлер олардың денсаулық жағдайын мұқият бақылап отырды. Медицина мамандары процедурадан кейін дәрігерлердің ұсыныстарын орындау донордың денсаулығын сақтау үшін өте маңызды екенін атап өтті.
Биылғы жылы мемлекеттік қызметшілер екінші рет қан тапсыруда.
Ерікті науқанға жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің 60-тен астам мемлекеттік қызметшілері қатысты.