Воскресенье, 9 февраля, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерҚорғалжынІргесі берік, қадамы нық «Nur Otan» партиясы!

Іргесі берік, қадамы нық «Nur Otan» партиясы!

Сондай-ақ, оқыңыз...

Отыз жылға жуық уақыт бойы Қазақстан халқының сенімін ақтап келе жатқан сенімді партия әр сайлаудан жаңа тәжірибе жинап, атқарылған жақсы істердің межесін көбейтіп отыр. Әрбір сайлауға өте үлкен жауапкершілікпен қараған жетекші партия өз міндеттерінің тізімі ұзарғанына еш таңырқаған емес. Керісінше, жаңа деммен жұмыс бастауда.

Мәселен, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының жоспарында қарастырылған міндеттер көп. Соның бірі облыстық, республикалық деңгейдегі штаб мүшелерімен жұмыс атқару. Осы ретте Қорғалжын ауданына Республикалық сайлауалды штабының мүшесі, құрметті дәрігер, жоғары дәрежелі хирург Аяғанов Серік Ақпенұлы ат басын бұрған еді.

Серік Ақпенұлы 2005-2011 жылдары — Ақмола облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болды. Бірыңғай экономикалық кеңістіктің депутаттық тобының мүшесі.

Француз Республикасының Сенатымен, Израиль Мемлекетінің Кнессетімен, Италия Республикасының Сенатымен, Литва Республикасының Сеймімен, АҚШ Конгрессімен ынтымақтастық жөніндегі топтың мүшесі.

Сенат депутаты болған уақытта 12 бөлімнен тұратын медицина кодексін қабылдауға септігін тигізген және «Nur Otan» партиясымен алғаш қалыптасу кезеңінен бастап бірге болған азамат. Бұл кісінің айтуынша аталмыш саяси партия ешқашан құр сөз беріп құтылған емес.

Қандай қиын мәселе болса да, түйіткілдің түйінің табуға тырысып отыратының айтып өтті. Штаб мүшесімен бірге үгіт-насихат шарасына Қорғалжын ауданынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Жұмабаев Әділ Қайратұлы мен Қорғалжын аудандық «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Амангелдинов Мадияр Серікұлы да баяндама жасап, алғы сөздерін айтты.

 «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына шолу жасап, бір қатар сұрақтарды сарапқа салды. Мәселен, бағдарламадағы жеті басым бағыт жайлы баса айтты. Оның ішінде әлеуметтік мәселелер мен медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігі туралы сөз болды.

Әсіресе, ауданға келетін жас медицина мамандарының тұрғын үймен дер кезінде қамтамасыз етіліп, барлық жағынан қамтылу күн тәртібіне қызыл сиямен жазылды. Карантин талаптарының барлық шектеулерін сақтай отыра өткізілген жиында «Nur Otan» партиясының Қорғалжын ауданы бойынша жоспарлары да айтылды.

Нақты жасалынған және алдағы жоспарда бар мәселелер айшықталды. Залдағы көрермен қауымның сұрақтарына жауап беріліп, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Қорғалжын аудандық филиалының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Облыстың мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссиясының қызметі қорытындыланды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының төрағалары үшін семинар ұйымдастырып, онда 2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың тәртіптік...

Азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органнан босатылғаннан кейін жұмыс берушіден қызметкерге тиесілі есеппен және төленген сомамен...

Адам құқықтары-ең жоғары құндылық

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі Джанбекова Гүлнәр Хамитқызымен сұхбат. - Гүлнар Хамитқызы Қазақстанда азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша қандай шаралар қабылданып...

Қазақстандағы әйелдердің құқықтарын қорғау және олардың мүмкіндіктерін кеңейту

Соңғы жылдары біздің еліміз бірқатар маңызды бастамаларды жүзеге асыру арқылы адам құқықтары саласында белгілі бір жетістіктерге жетті. Қазақстан әйелдердің құқықтарын қорғауға және олардың мүмкіндіктерін кеңейтуге...

Акцию «100 дней до Победы» организовали в акмолинском ДУИС

В этом году отмечается 80-летие Победы в Великой Отечественной войне. В честь юбилея знаменательной даты в акмолинском ДУИС поддержали республиканскую акцию «100 дней до...