spot_img
spot_img
14 C
Kokshetau
ЖаңалықтарӘлемИталияда мигранттар мінген қайық аударылып, 41 адам қаза тапты

Италияда мигранттар мінген қайық аударылып, 41 адам қаза тапты

-Жарнама -spot_img

Италияның Лампедуза аралында мигранттар мінген қайық апатқа ұшырап, 41 адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап. Апаттан 4 адам аман қалған. Олар құтқарушыларға қайықта барлығы 45 адам, соның ішінде үш бала болғанын айтқан.

Кеме Тунистегі Сфакс қаласынан шыққан. Бірнеше сағаттан кейін аударылып, суға батып кеткен. Сфакс – Лампедузадан шамамен 130 шақырым жердегі портты қала. Тунис билігінің айтуынша, бұл жерден мигранттар қауіпсіз өмір іздеп Еуропаға заңсыз аттанады.

Аман қалған адамдарды Мальта жүк кемесі шығарып алып, Италия жағалау күзетіне табыстаған.

Кейінгі екі күнде италиялық патрульдік катер мен қайырымдылық топтары Лампедузаға келген 2 мыңға жуық адамды құтқарған. Жексенбі Италияның жағалау күзеті тағы екі кеме апатқа ұшырап, 30 адам із-түзсіз жоғалғанын айтса, дүйсенбі күні Тунис билігі Сфакс маңында 11 адамның мәйітін тапты. Италия ішкі істер министрлігінің дерегі бойынша, жыл басынан Италияға теңіз арқылы 93700 заңсыз мигрант келген. Былтыр осы кезеңде олардың саны 44700 болды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img