spot_img
- Жарнама -spot_img
18.4 C
Kokshetau
ЖаңалықтарҚазақстанЭкология министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ағаш отырғызуға қатысты

Экология министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ағаш отырғызуға қатысты

-Жарнама -spot_img

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, сондай – ақ Ұлттық ағаш отырғызу күні шеңберінде Қызылжар орманшылығы аумағында символдық мөлшерде –30 ағаш отырғызды.

Шара «Таза табиғат» жобасы аясында жүргізілді. Бұл ағартушылық және тәрбиелік акция, оның мақсаты – қоршаған ортаның жай-күйі үшін әркімнің жауапкершілігін сезінуге негізделген экологиялық мәдениетті қалыптастыру

Естеріңізге сала кетейік, 5 ақпанда Мемлекет басшысы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші отырысында «Таза табиғат»жобасын іске асыруды ұсынған болатын. Жобаның маңызды бағыттарының бірі-ағаш отырғызу. Экология министрлігі бұл бастаманы қолдады және «Наурыз мейрамын» мерекелеу күндері еліміздің өңірлерінде ағаш отырғызу және аумақтарды абаттандыру бойынша ауқымды акция өтті.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img