Вторник, 14 января, 2025
ЖаңалықтарҚазақстанЭкожурналистика салалық журналистерді даярлау бағыттарының бірі болмақ

Экожурналистика салалық журналистерді даярлау бағыттарының бірі болмақ

Сондай-ақ, оқыңыз...

Бүгін, 27 қазанда, Нұр-Сұлтанда Аида Балаева ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі арасындағы Өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Koksheinform ведомствоның сайтына сілтеме жасап.

Меморандумның мақсаты — экология саласында маманданған салалық журналистерді даярлау.

Меморандум тараптардың экожурналистерді даярлау мәселесінде ынтымақтастығын көздейді. Тараптардың әрқайсысы өз құзыреті шеңберінде болашақ журналистердің кәсібилігін арттыруға жағдай жасауға ниетті.
Бұл ретте экология мәселелері қоғамда өте өзекті және кеңінен жария етілуде екендігін атап өткен жөн. Тиісінше осы салада тиімді ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.

Меморандум аясында бірқатар нақты іс-шаралар өткізілмек, оның ішінде білім беру бағдарламалары жетілдіріледі, студенттердің кәсіби практикалары мен тағылымдамалары ұйымдастырылады, салалық журналистердің пулдары құрылады.

Нәтижесінде медиа нарықты экология саласында материалдар іздеуге және мақалалар дайындауға маманданған білікті журналистермен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Еске салсақ, қазіргі уақытта Министрлік салалық журналистерді даярлау бойынша жұмыс жүргізуде.Бұдан бұрын медицина және дін салаларында маманданған журналистерді даярлау үшін Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-мен өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы 2 меморандумға қол қойылған болатын.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...