Пятница, 17 января, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауКөкшетау қалалық сотында судьялар - соғыс ардагерлері құрметіне естелік стелла орнатылды

Көкшетау қалалық сотында судьялар — соғыс ардагерлері құрметіне естелік стелла орнатылды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысы Көкшетау қалалық сотында судьялар, Ұлы Отан соғысының ардагерлері Малғаждар Көкенов пен Николай Головченкоға арналған Ескерткіш стелланың ашылу рәсімі өтті.

М.Көкенов 1957-1978 жылдары және Н.Головченко 1978-1982 жылдары Көкшетау қалалық соты төрағасының лауазымында қызмет атқарды. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап судьялар фашизмнен босату үшін шайқас пен ұрыстарға қатысып соғысты. Жауынгерлік еңбегі мен батырлық үшін көптеген орден және медальдармен марапатталды. Соғыстан кейінгі жылдары заң білімін алып, өз еңбек жолдарын сот жүйесіне арнады.

Ақмола облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Раджаб Даминов естелік стелла ашылу рәсімінде сөз сөйлеп, тарихи материалдарды іздестіру жұмысындағы судья ардагерлер Кеңесінің төрағасы Мейрам Ғибәділовтың рөлін атап өтті. Р.Даминов ардагерлердің туған туыстарын естелік стелланы орнатуға жәрдемдескендері үшін және ер-ардагерлерді есте мәңгі сақтау жөнінде игілікті іс-шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Салтанатты іс-шарада отставкадағы судья, Ақмола облысының судья ардагерлер Кеңесінің төрағасы Мейрам Ғибәділов, Қазақстан Республикасы судьялар Одағы Ақмола филиалының төрағасы Нұржан Бейбіт, М.Көкеновтың және Н.Головченконың туыстары мен жақындары, балалары сөз сөйлеп, естелік стелла орнатуға бастамашыларға алғысын айтты.

Естелік стела Көкшетау қалалық соты ғимаратының жанында орнатылып, жас ұрпақты тарихты ұмытпай, ардагерлерді есте сақтап, өз өмірдің тарихында дәл сондай ізгілік  істерді қалдыруға шақырады.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...