Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шеңберінде салауатты өмір салтын насихаттау арқылы Көкшетау қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүгіру өтті.
Іс-шараның спорттық сипатына қарамастан, марафон қоғамдағы сыбайлас жемқорлық мәселесіне назар аударуға мүмкіндік береді.
Бірнеше шақырымдық марафонға жастар, мемлекеттік қызметкерлер, қоғам белсенділері, спорт сүйер қауым, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінен шамамен 100 адам қатысты.
Жарыс облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің аумағында, екі түрлі бағыт – 5 шақырым және 10 шақырымдық қашықтық бойынша өтті.
Жарысқа қатысушыларды облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Сағыныш Аяғанова мен Көкшетау қалалық ішкі саясат басқармасының басшысы Бексұлтан Темірболат құттықтады. Сонымен қатар, бұқаралық жарыс әрбір қатысушыға өзінің азаматтық ұстанымын және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті спорт арқылы көрсетуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Шара соңында қашықтықты бағындырған қатысушылар медальдармен марапатталып, дәстүрлі естелік суретке түсті.