Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті ҚР ҚПК 200-бабының тәртібінде қылмыстық құқық бұзушылық жасауға және басқа да заң бұзушылықтарға ықпал ететін мән-жайларды жою туралы ұсынуларды онлайн режимінде қарады.
Көкшетау қаласының әкімімен және қалалық әкімдік өкілдерімен бейнеконференцбайланыс барысында облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшылығы бөлімдердің бірінің лауазымды тұлғаларына қатысты бюджеттік ақша қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс шеңберінде ұсынуды назарына жеткізді.
Жоғары тұрған басшылық тарапынан тиісті бақылаудың болмауы, қызметкерлердің мемлекеттік сатып алу саласындағы құзыретінің болмауы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға формалды көзқарас кінәлі тұлғалардың заңдылықты бұзу жағдайлары болды.
Талдау нәтижелері егер 2019 жылы жергілікті атқарушы органдарға жіберілген ұсынулар саны 22,2% — ды құраса, 2020 жылы 85 ұсыну енгізілгенін, оның 44,7% — ы немесе 38 ұсыну әкімдіктер мен олардың бөлімшелеріне енгізілгенін, яғни құқық бұзушылықтар саны 2 есеге артқанын көрсетті.
Департамент басшысы Мұрат Төлеубаев қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы негізгі жаңашылдықтарды, оның ішінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша құзыретіне қатысты түсіндірді.
«Енді сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті шаралар қабылдамайтын мемлекеттік органдардың басшылары мен лауазымды тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Осы тұрғыда, ұжымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы және мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы түсіндіру бойынша тұрақты кездесулер өткізу, әкімдіктің мемлекеттік мекемелерінің бюджет қаражатын тиімді және уақтылы игеруіне бақылауды күшейту және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сапалы талдауды қамтамасыз ету қажет», — деп атап өтті Мұрат Төлеубаев.
Динара Нұртаз, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы.