Ағымдағы жылдың 24-25 қарашасында Көкшетау қаласы мен Краснояр кентінің аумағында терроризмге қарсы күрес жөніндегі Ақмола облыстық жедел штабының терроризмге қарсы оқу-жаттығуы өткізіледі. Осыған байланысты Көкшетау қаласының аталған аудандарында жүріп-тұруға ықтимал уақытша шектеулерге түсіністікпен қарап, құқық қорғау органдары өкілдерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз.
Техниканы, оқу-жаттығу орнын суретке түсірмеуді, осы іс-шара туралы қауесет пен жалған ақпарат таратпауды сұраймыз. Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР ҚК 274-бабының 2-бөлігі (көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін) бойынша қылмыстық жауаптылық көзделгенін еске саламыз.
Ақмола облысының терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы.