Сенбі, Шілде 27, 2024
14.7 C
Kokshetau
11 C
Nur-Sultan
22 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегіКөкшетау NIS оқушысы білім грантын жеңіп алды

Көкшетау NIS оқушысы білім грантын жеңіп алды

Халықаралық «Caspian Startup-2021» стартаптар байқауының қорытындысы бойынша Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Диасәлі Кәрім білім грантына қол жеткізді.

Ақтаудағы NIS бастамасымен ұйымдастырылған стартаптар байқауы Қазақстандағы жасыл экономиканы дамытып, баламалы энергия көздерін тұтынуды арттыруға кәсіпкерлер мен жастарды шақыру үшін «баламалы энергия көздері» тақырыбында ұйымдастырылған болатын.

Байқауға Каспий маңы елдерінен 89 жоба қатысуға өтінім білдіріп, оның 15і ақтық кезеңге жолдама алған. Қорытынды кезеңге сүрінбей өткендердің қатарында Көкшетау қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Диасәлі Кәрім де бар. Ол «dbys –дыбыс арқылы қуат алатын құрылғы» атты жобасын қорғады. Аталмыш жобаның өзектілігі: жаңартылатын энергия көзін пайдалану, нарықтағы өнімге деген сұраныс, қоршаған ортаға зиян келтірмейді.

«Бұл өздігінен зарядталатын жаңа буынның алғашқы сымсыз құлаққаптары. Олардың басты ерекшеліктері: дыбыспен әрекеттескен кезде зарядталатын болады. Ол фондық шу немесе құлаққапта ойнап тұрған әуеннің дыбысы болуы мүмкін. Және пайдалану кезінде жоғары дербестікті қамтамасыз етеді. Жобамның жалпы құны 50 мың АҚШ доллары»,-деп түсіндірді Диасәлі қазылар алқасына.

Байқау қорытындысы бойынша Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары үздік стартапшыларға білім гранттарын ұсынды.

«Осылайша, біздің оқушымыз Диасәлі Кәрімге Алматыдағы Қазақстан-Британ техникалық университеті тегін білім грантын ұсынды. Қазіргі таңда, Диасәлі 9 сыныпты аяқтады. Дегенмен, оның гранты сақталады»,-дейді ұйымдастырушылар.

Яғни, 12 сыныпты аяқтағаннан кейін аталмыш ЖООна құжаттарын тапсырса болады.
Қазақстан-Британ техникалық университеті – Қазақстанның ең беделді университеттердің бірі. 2010 жылғы қорытынды бойынша «Ең үздік техникалық университет» атағын иеленді. Қазақстан-Британ техникалық университеті әлемдік рейтингі жоғары, өндірістің үлгілі интеграциялық инфрақұрылымына қол жеткізген, халықаралық акрредитацияға ие, зерттеуші университет болуға ұмтылады.

Қазақстан-Британ техникалық университеті – британдық жоғары мектеп тарапынан беделге ие және толық мойындалған, қазақстандық білім беру саласының көшбасшысы. Басты миссиясы: жоғары білікті мамандарды дайындау, Қазақстан экономикасының айтулы салаларында зерттеулер жүргізу мен ғылыми жасалымдарды енгізу.

Мұндай ЖОО студенті атану кез келген оқушының арманы десек, артық айтпағанымыз. Екінің бірінің қолы жете бермейтін белеске біздің оқушымыз Диасәлі жетіп отыр. Мектеп ұжымы мен оқушылар атынан Диасәліні осы жетістігімен құттықтаймыз!

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...